Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазконтент» АҚ жаңа маусымын таныстырады!...

12.09.2017 2963

«Қазконтент» АҚ жаңа маусымын таныстырады!

«Қазконтент» АҚ жаңа маусымын таныстырады! - adebiportal.kz

Қазақстанның интернет және медиа кеңістігіндегі ең ірі компаниялардың бірі «Қазконтент» АҚ бүгін, яғни 12 қыркүйекте жаңа интернет-маусымының таныстырылымын өткізеді.

Акционерлік қоғамның басты мақсаттарының бірі - ұшы-қиыры жоқ ғаламтор кеңістігіндегі ұлттық контентті күшейтіп, қазақстандық сегменттің дамуына өз үлесін қосу, сонымен қатар, мемлекеттік интернет-ресурстарды жетілдіре отырып, Қазақстан халқының ақпаратқа деген сұранысын жан-жақты қамтамасыз ету.

Шара барысында қоғам құрамындағы интернет-жобалардың жетекшілері алдағы маусымда жасалатын жұмыстар туралы жан-жақты мәлімет беріп, қолға алынған ірі жобалармен таныстырады. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов алға қойылған нақты жоспарларымен бөліседі деп күтілуде.

Айта кетейік, шарада «Strategy2050.kz», «BNews», «BAQ.kz» ақпарат агентіктері, "adebiportal.kz», «el.kz» және «e-history.kz» порталдары жаңа маусымда атқаратын жобаларын таныстырады.

Келіңіздер, қатысыңыздар!

Өтетін орны: Aстана, Д. Қонаев-6, Rixos President Astana Hotel қонақ үйі, «Жерұйық» залы.

Уақыты: 12 қыркүйек, 19:00.

БАҚ үшін аккредитация:

A.Shmanova@kzcontent.kz

Тел. 8-(71-72)-79- 82- 06 (115,152,136)

8 777 999 56 14


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар