Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Қанафия Телжановтың 90 жылдық мерейтойы өтеді...

02.10.2017 3407

Қанафия Телжановтың 90 жылдық мерейтойы өтеді

Қанафия Телжановтың 90 жылдық мерейтойы өтеді - adebiportal.kz

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасы аясында, «Кескіндеме және мүсін», «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедраларының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 17-19 қазан аралығында өтетін, КСРО халық суретшісі, ҚазССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚазССР халық суретшісі, ҚР ҰҒА академигі, профессор Тельжанов Қанафия Темір-Болатұлының 90-жылдық мерейтойына арналған, халықаралық студенттік пленэр мен дөңгелек үстелге шақырамыз!

Іс-шараның ұйымдастырылу жоспары мен өткізілетін уақыты: 17 қазан 2017 ж. басталуы сағат 12.00-де.

К.Т.-Б.Тельжанов шеберханасының ресми ашылуы және Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бас фойесінде «Алматының алтын күзі» атты пленэрлік конкурстың ашылу салтанаты. Қатысушылар – жоғарғы оқу орындарының көркемсурет мамандықтарының студенттері. (Алматы қаласының көрікті жерлерінен этюд жазу).

18 қазан 2017 ж. сағат 09.00-17.00.

«Алматының алтын күзі» атты студенттік пленэр. (Алматы қаласының сыртқы табиғат көрінісінен этюд жазу).

19 қазан 2017 ж. сағат 10.30.

«Алматының алтын күзі» атты студенттік пленэрдің нәтижесі бойынша этюдтік жұмыстардың конкурстық көрмесінің ашылуы және комиссияның жұмысы.

19 қазан 2017 ж. сағат 11.00-12.30.

«Суретші және оның заманы: Қазақстан өнеріндегі ұлттық романтизм» тақырыбында өтілетін, Тельжанов Қанафия Темір-Болатұлының 90-жылдық мерейтойына арналған шығармашылық дөңгелек үстел.

19 қазан 2017 ж. сағат 12.30-13.00

Пленэрлік конкурстың жеңімпаздарын марапаттау және іс-шараның жабылу рәсімі.

Мекен жайымыз:

Алматы қ-сы

Т.Жүргенов атындағы Қазақ

Ұлттық өнер академиясы

Алматы қ-сы, Панфилов к-сі, 127 үй (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында)


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар