Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қос ақынға ескерткіш орнатылды

23.10.2017 1949

Қос ақынға ескерткіш орнатылды


Алматы облысы әкімдігі мұрындық болып, қазақтың қос бірдей аяулы ақынына ескерткіш орнатты. Жамбыл Жабаевтың ескерткіші Есік қаласындағы Жастар саябағынан бой көтерсе, Тұманбай Молдағалиевтікі Мәдениет үйінің алдындағы гүлзарда.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бұл істің Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында атқарылған игі істердің бірі екенін айтты. Ескерткіштердің ашылуына Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, ақын Шөмішбаев Сариев, М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан, Жамбыл Жабаев ұрпақтары мен кезінде Тұмағаң қызмет атқарған «Балдырған» журналының Дүйсен Мағлұмов бастаған журналистері де қатысып, жылы лебіздерін білдірді, соңы концертке айналып, қазақтың белгілі өнер қайраткерлері Нұрғали Нүсіпжанов, Мақпал Жүнісова, Сұлушаш Нұрмағанбетовалар ән шырқады.

Жамбыл ақынның тас мүсінін Нұрғалым Исабаев сомдаса, Тұманбай Молдағалиевтің мүсінін Алтай Бейсенов жасап шыққан.

Adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар