Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті...

25.10.2017 8948

Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті

Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті - adebiportal.kz

Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық жаңғыру ұғымы - ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін айтып, қазіргі таңда ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейту керектігіне тоқталған болатын. Ал, осы көкжиекті кеңейтетін ақын-жазушылар екені айтпаса да түсінікті. Олар халықты рухани сусындатып, саналарына ұлттық кодты сіңіруге тырысады. Ал, ұлттық код – Мәңгілік Елге бастар қадам.

Оңтүстік Қазақстан облысы әрқашан ақын-жазушыларын құрметтеуден шаршаған емес. Күні кеше ұлтжанды «Қажымұқан» ақын Мұхтар Шаханов 75 жасқа толды. Мұхтар Шаханов – Қырғыз Республикасының халық ақыны. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері.

Қалай мақтасақ та жарасатын ақынды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қабылдап мерейтойымен құттықтай отырып, әдебиетке қосқан үлесіне айрықша тоқталды:

– Сізді өткен ғасырдан жақсы танимыз. Біз сіздің өлеңдеріңізді оқып өстік. Әлі есімде 1986 жылы Мәскеуде өткен шығармашылық кешіңізге де куә болған едім. Сол жылдары Мәскеудің төрінде жеке кеш өткізуіңіздің өзі үлкен ерлік еді. Одан кейінгі жылдары Желтоқсан оқиғасына байланысты талай бастамалар көтеріп, халықтың мәселесін жеткізіп жүрдіңіз. Бұл сіздің тек ақындығыңыз ғана емес, адами отансүйгіштік қасиетіңіздің айқын көрінісі. Сіз Оңтүстіктің мақтанышысыз, біз сізбен мақтанамыз, қазақ әдебиетінің абызы ретінде елімізге орасан зор еңбек сіңіріп келесіз.

Өз кезегінде арқалы ақын да облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Себебі, Жансейіт Қансейітұлы өңірге алғаш әкім болып келген кезде ең бірінші кезекте Мұхтар Шахановқа шапан жауып, сый көрсеткен болатын.

Бұл кездесуден соң, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Мұқаңның «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Театр фоэсінде көрме ұйымдастырылып, оған ақынның кітаптары мен ақын жайындағы зерттеулер мен естелік мақалалары қойылды.

Мерекелік концертте облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков ақынды құттықтап, оған сый-сияпат көрсетті. Зиялы қауым өкілдері жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.

Абылай Есімбай

Оқи отырыңыз: Мұхтар Шахановтың бір күні қалай өтеді?


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар