Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Отбасы - ең маңызды құндылық...

02.11.2017 14084

Отбасы - ең маңызды құндылық

Отбасы  - ең маңызды құндылық - adebiportal.kz

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газеті бірлесіп «Отбасы құндылықтары және қоғамдық жаңғыру» атты дөңгелек үстел ұйымдастырған болатын. Дөңгелек үстелдің тақырып аясы, онды талқыланған мәселелер Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы белгіленген мақсаттардың жүзеге асыруға қатысты болды.

Рухани жаңғыру тұрғысында қазіргі қоғамдағы дәстүрлі отбасы құндылықтарының маңызын талқылап, мамандар мен ғалымдардың сараптамасы негізінде республика көлемінде қоғамдық-әлеуметтік бастама көтеру мақсатын көздеген дөңгелек үстелге елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, әлеуметтанушылар, психолог ғалымдар, құзырлы министрліктердің мамандары мен өкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Елбасы Н.Н. Назарбаев аталған мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет» - деп атап көрсеткен болатын.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «қоғам өміріне етене араласқан әр азамат ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтары мәселесінде де осы идеяларды басшылыққа алуға тиіс» деген пікірде екендіктерін білдірді. Себебі отбасында тәрбие алып жатқан әр бала өз бойындағы мінезі мен қасиеттерін, ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті ең алдымен отбасында, ата-ананың тәрбиесімен сіңіретіні анық. Ұлттық тәрбие және еліміздің ежелден сақталып келе жатқан отбасына қатысты құндылықтары – ұлт болып ұйысудың, ел болып, ертеңге нық қадам басудың негізі екендігі мынау жаһандану дәуірінде өзекті бола түскендігіне тоқталды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар отбасы құндылықтарының қоғам өміріндегі рөлі әрдайым жоғары болуы тиіс екендігіне мән бере отырып, біздің қоғамымыздағы ата-анаға, үлкенге, қыз балаға деген құрмет, көршіге деген сыйластық қарым-қатынас отбасы құндылықтарының бастауы екендігін тілге тиек ете отырып, осы бағытта ел болып көбірек жұмыс жасауға көңіл бөлу керектігін айтысты. Расымен де қазіргі күні ежелден берік қалыптасқан қазақ қоғамындағы дәстүрлі отбасы институты дағдарысқа ұшырап, отбасылардың ажырасу көрсеткіші жыл сайын артып, осынау бейбіт заманда жалғызбасты жесір әйелдің, тастанды балалардың көбейіп бара жатқаны, өзінен туып, өзегін жарып шыққан, аялап өсірген балалары бола тұра, қарттар үйін еріксіз паналап жатқан егде жанддардың көбейіп кетуі сияқты келеңсіз фактілердің белең алуы – қазіргі қоғам үшін өте өзекті мәселеге айналғаны ақиқат.

Қоғамдық санадағы жаңғыруды отбасыдағы тәрбиеден бастай отырып, отбасындағы ынтымақ пен татулықты мемлекетіміздегі жасампаз бірлік пен бейбітшілікпен ұштастыруымызы керек.

Дөңгелек үстел отырысында осы және басқа да мәселелер талқыланды, ой-пікірлер ортаға салынды. Аталмыш дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша келелі ұсыныстар дайындалып, ҚР Үкіметіне жолданды.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар