Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өнер академиясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арн...

30.11.2017 9450

Өнер академиясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған көрме өтті

Өнер академиясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған көрме өтті - adebiportal.kz

2017 жылдың 29 қараша күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы көрме залында «ҚР Тұңғыш Президенті күніне» арналған «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің профессор-оқытушылары мен студеттерінің шығармашылық бейнелеу өнері көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көрмеде студенттермен қатар ҚР кескіндеме өнерінің майталмандары Ж.Қайрамбаев, С.С.Бапанова, Б.Тұрғынбай, Б.Байділда, Р.Базарбаева және т.б. өнер қайраткерлері өз жұмыстарын көпшілікке таныстырып ұлттық құндылықтырымыздың баға жетпес қолөнер туындыларын тағы да бір ұлықтады.

«ҚР Тұңғыш Президенті күні – өнер академиясы үшін атаулы дата. Себебі, Ұлт көшбасшысының кемеңгер саясатының арқасында өскелең ұрпақ өткен ғасырлардан жеткен мол ата-бабаларымыздың ұлы мұраларын, құндылықтарын, жәдігерлерін оқып үйренуге, өнеге алуға сара жол салып берді. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы біздің киелі өнер шаңырағының жетістіктері мен табыстары елбасы атымен тығыз байланысты» - деп атап өтті академия ректоры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессорБибігүл Нүсіпжанова. Тұңғыш Президент күніне арналған көрмеде тәуелсіздігіміздің барлық тарихи кезеңдерін, Елбасының бейнесін Астана қаласының бас нысандарының ғимараттарын жан-жақты әсем иірімдерімен үйлестірген сомдаған Академия түлегінің туындысы ерекше ықыласқа ие болды. Жиын барысында сөз алған Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Сәуле Бапанова: «Ұлттық тоқыма өнерінің барлық түрлерін оның ішінде ши, түкті, түксіз тоқымалар, сырмақ пен текеметті дайындау өнері қай заманда болмасын киелі өнер болары сөзсіз» - деді.

Мұның бәрі өскелең ұрпақ үшін үлгі болары анық», - деді көрменің ашылу салтанатында оқытушылар мен шәкірттер бірге ұйымдастырған көрме ұлттық өнердің сабақтастық дәстүрінің жалғасының айқын көрінісі, жастардың көркемөнер деңгейін көтереді, сондай-ақ қазақ жастарын патриоттық рухта және Отан сүюді тәрбиелейді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар