Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
Македонияда “Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орт...

18.12.2017 5699

Македонияда “Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығы” ашылады

Македонияда “Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығы” ашылады - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шетелдердің Ұлттық кітапханаларында “Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығын” ашу - халықаралық жобасы іске асырылып келеді. 2017 жылдың 19 желтоқсанында Македонияның Скопье қаласындағы Әулие Климент Охридский атындағы университет кітапханасында “Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығының” ашылу салтанаты өтеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхананың қазіргі кезде әлемнің 13 елінде: Корея, Қырғыстан Республикасы, Финляндия, Венгрия, Ресей, Армения, Малайзия, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Франция, Жапония және Швецияда Орталықтарымыз ашылып халыққа қызмет етіп келеді.

Скопьедегі бұл кітапхана 1944 жылғы 2 тамызда болған Антифашистік ассамблеяның Македониядағы халықты азат ету туралы шешімімен негізделген тұңғыш ресми институттардың бірі болып саналады. Кітапхана 866 жылы «Охрид» кітап мектебін құрған және Македониядағы кітапхана ісінің негізін қалаушы болып саналатын Охридегі Сент Климент құрметіне берілген.

Негізінен гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар сала: әдебиет, этнология, география, тарих және т.б. салалардағы бұл кітапхананың бастапқы қоры 150 мыңға жуық дана университет оқулықтары мен ғылыми басылымдарға негізделген. Бұдан басқа, кітапхананың жинақтары анықтамалық әдебиеттің (энциклопедиялар, сөздіктер, библиографиялар) және 300-ге жуық мерзімді басылымдардың маңызды бөлігін қамтиды.

1945 жылы Македониядағы бұл кітапхана сол кездегі Югославияның жариялаған барлық материалдардың көшірмелерін ала бастады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рүстемов Нұрбах Тұрарұлы, Скопьедегі Әулие Климент Охридский атындағы университет кітапханасы директоры; Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлері; Македониядағы қазақ диаспорасының өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысады.

Қазақстан әдебиеті орталығының ашылуы Скопьедегі Әулие Климент Охридский атындағы университет кітапханасы оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті және өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы жетістіктерін көпшілікке таныстыруға жол ашады.

Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және оның әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарихи, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті бойынша кітаптары ұсынылады. Барлығы 200-ге жуық кітап тапсырылады. Бұл кітаптар македон оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтын бай мәдени мұрасын тануға мүмкіндік берері сөзсіз.

Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен ашылады.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар