Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
«Адами капитал: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың...

29.01.2018 8910

«Адами капитал: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың рухани негіздері» атты конференция өтті

«Адами капитал: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың рухани негіздері» атты конференция өтті - adebiportal.kz

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Жолдауда айқындалған мақсат-міндеттер сараланған «Адами капитал: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың рухани негіздері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Алматы қаласы әкімдігі, Жоғарғы оқу орындарының басшылары мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, сондай-ақ аталған университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назар­баевтың Қазақстан халқына биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы Қа­зақстан қоғамында айрықша сер­піліс туғызды. Бұл Жолдау бүгінде еңбек ұжымдарында, білім беру ұйымдарында, ғылыми меке­ме­лерде, басқару органдарында, құқық қорғау, қорғаныс саласында және басқа да құрылымдарда кеңі­нен талқыланып, қолдау табуда. Елбасы Жолдауы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттыөқ өнер академиясының кеңейтілген жиналысында да қызу талқыланды.

Аталмыш оқу Ордасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Адами капитал: Интеллектуалды ұлт қалыптастырудың рухани негіздері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияны Т.Қ. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының ректоры Б.Н.Нүсіпжанова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Адам капиталы – мемлекет дамуының басты факторы» атты баяндамасымен кіріспе сөзді алды. Жолдау жолдарын толыққанды зерделеп оқып, өз пікірін білдіре отырып, ректор өз сөзінде: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Елбасы бүкіл әлем жұртшылығы Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқандығын, жаңа технологиялық қалыптардың өмірімізді, тіпті балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде екендігін, жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын бола отырып, «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсатын және 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын дамыта отырып, «Цифрлық Қазақстан» кешендік бағдарламасын қабылдауға баса назар аударғаны болашаққа жарқын жол ашып отыр» – деп айрықша атап айтты.

Сондай-ақ, конференцияға қатысушы қонақтардың бірі философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбитұлы жиында «Рухани жаңғырудың» мәдени-әлеуметтік, тарихи танымдық негіздемелері жайлы» атты мазмұнды баяндамасын көпшілікке ұсынды. Ол өз сөзінде: «Жолдау өнер саласында бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеумен айналысатын біздің ұжымның профессор-оқытушы қауымына да үлкен серпіліс беруде. «ХХІ ғасыр бәсекеге қабілетті мамандардың заманы» деп білетін өнер ұжымы үшін Жолдауда көрсетілген алтыншы «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталатын міндеттегі білім берудегі жаңа сапа, оқу үдерісінің замануи техникалық тұрғыдан қолдау табуы, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, инвестициялық жобалар, ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту мәселелері бүгінгі атқарып отырған жұмысымызға қарымды қарқын, сапалық серпіліс береді. Еліміздің баянды болашағы үшін қызмет ету әрқайсымыздың парызымыз! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Жолдауда көрсетілген он міндетті академия ұжымы мен студенттер болып қолдайтын, ел мерейін үстем ететін дамудың жаңа бағдары екені даусыз!» – деді.

Конференцияға қатысқан бірқатар ғалымдардың бірі – Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің ғылыми істері жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Құлсариева Ақтолқын Тұрлықанқызының өте мазмұнды баяндамасы «Адами капитал – модернизацияның қорлары 4.0» деп аталды. 10 қажетті міндеттерді шешуді күн тәртібіне қойған. Индустрияландыруға жаңа технологияларды, соның ішінде цифрландыруды енгізу керектігі айтылған. Экономиканы цифрландыру елімізге табыс әкелгенімен жұмыс күшінің көптеп босап қалу қаупін тиімді шешу керектігін назарға ұсынады. ХХІ ғасыр табиғи ресурстарға мұқтаж ғасыр екендігін ескере отырып, оларды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыруды көздеген. Білім берудің жаңа сапасына тоқталған ол «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болып табылады» деп атап айтты.

Мұқанова Меруерт Серікқызы – Алматы қаласы Медеу аудандық «Нұр Отан» филиалы партиясы төрағасының бірінші орынбасары: «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Елбасы Жолдауындағы 10-шы міндетке ден қоятын болсақ, биылғы жыл- елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы - баршамыздың ортақ мақтанышымыз екендігін айтып. Сонымен қатар, «ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады. Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар - түсінікті әрі айқын.

«Президент дәстүрге сай биыл да әлеуметтік даму мәселелеріне зор көңіл бөліп, адам капиталын қазақстандық жаңғырудың жүйелі үш тағанының негізі ретінде белгіледі. Елбасымыздың Жолдауында елімізді саяси, экономикалық және рухани жаңғыртудың он басым бағыты айқын белгіленген. «Біздің ендігі міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өмірі, денсаулығы мен тұрмысына деген Елбасы қамқорлығынан тұратын Жолдаудың мазмұнын барша халыққа жеткізу». Аталмыш шараны жүргізуші-модератор, философия ғылымдарының докторы, профессор Кабыл Халықов көшбасшы елдер қатарынан көріну үшін орындалатын он негізгі міндеттің маңыздысы «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталатын жетінші міндетте «Еліміздің бүгінгі қарқынды дамуы, соның нәтижесінде жастарға жасалып жатқан жақсылықтар біздің жан-жақты білім алуымызға, жан-жақты хабардар болуымызға жол ашып отыр. Сол қамқорлықты күні ертең өз еңбегімізбен қайтару азаматтық парызымыз деп білемін. Қазіргі ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтық мәдениет және өнер саласында жоғары білім беру және ғылыми әлеуетін дамыту үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз» деп өз ойын ортаға салды.

Президенттің таң­даған халыққа Жолдау тү­­рі ерекше екендігін өзге ел­дер де байқап келеді. АҚШ сын­ды бір­қатар мемлекеттердің бас­­шылары өз Жолдауларын бү­кіл ха­лыққа емес, жекелеген мем­ле­кеттік институттарға арнап жа­­тады. Жолдауды нақты бір мем­ле­­кеттік басқару немесе ат­қару ор­гандарына емес, халыққа ар­нағанынан-ақ Елбасының де­­мо­кра­тиялық басқарудың бірегей үл­гісін таңдағанын аңғару қиын емес.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар