Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
«Ұлттық жаңғыру және жаңа заман әдебиетіндегі ұлтт...

14.03.2018 7188

«Ұлттық жаңғыру және жаңа заман әдебиетіндегі ұлттық қаһарман» конференциясы өтеді

«Ұлттық жаңғыру және жаңа заман әдебиетіндегі ұлттық қаһарман» конференциясы өтеді - adebiportal.kz

2018 жылдың 16 наурызында ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институты көрнекті әдебиеттанушы-ғалым филология ғылымдарының докторы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бисенғали Наурызбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлттық жаңғыру және жаңа заман әдебиетіндегі ұлттық қаһарман» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

ХХІ ғасырда, Қазақстан халқы рухани жаңғыру дәуірін бастан кешіріп жатқан кезеңде филология ғылымдарының докторы Б.Наурызбаевтың қазақ әдебиеті жайындағы зерттеулері жоғары маңыздылыққа ие. Ғалым Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығын, жазушылық шеберлігін тұңғыш зерттеушілердің қатарында саналады.

Отандық әдебиеттанудың өркендеуі жолында талмай еңбек еткен ғалым Бисенғали Наурызбаев «Бейімбет Майлиннің прозасы», «Жаңа жанр жолында», «Шағын жанр – шеберлікке басқыш», «Қазіргі қазақ прозасындағы Б.Майлин дәстүрі», «Поэзия және уақыт тынысы», «Өмір шындығы және көркемдік шешім», т.б. аталатын зерттеулердің авторы ретінде танымал.

Ғылыми конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары, экономика ғылымдарының докторы Ө.Шеденов, филология ғылымдарының докторы Ж.Тілепов, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Сағындықова, Абай атындағы Қазақ ұлттықпедагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Т.Тебегенов және басқа да мемлекет, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушы-ғалымдар, жоғары оқу орнының оқытушылары, студенттер қатысады.

Уақыты: 16 наурыз 2018 жыл, сағат 11:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 28, «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапхананың мәжіліс залы (3-қабат).

Телефондары:

+7 (727) 272 74 11, 261 75 33

e-mail: info@litart.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар