Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Абай - бауырлас өзбек елінде ұлықталмақ...

14.03.2018 5517

Абай - бауырлас өзбек елінде ұлықталмақ

Абай - бауырлас өзбек елінде ұлықталмақ - adebiportal.kz

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі меншікті тілшісінің хабарлауынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау туралы қаулыға қол қойды.

Құжатта ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының есімі мен мол шығармашылық мұрасы қазақ халқының ғана емес, барша түркі халықтарының, оның ішінде өзбек халқының рухани даму тарихында өшпес із қалдырғаны айтылған. Абай Құнанбайұлының өмір жолы, оның қайталанбас шығармашылығы Отанға, ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтарына деген адалдықтың жарқын үлгісі болып қала береді.

Қаулыға сәйкес, ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен зерттеу мен насихаттау бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, ұйымдастыру комитетіне бір айлық мерзімде шаралар тізімінің жоспарын әзірлеу тапсырылды.

«Екі халықтың достығы мен бауырластығының нығаюына елеулі үлес қосқанын ескере отырып және Өзбекстан қоғамының қазақ әдебиеті мен өнерін тереңірек тануы үшін мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мақсатында Өзбекстанда Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен зерттеу мен насихаттау туралы ұсыныс мақұлдансын», - делінген қаулыда.

Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетіндегі «Абай және өзбек әдебиеті» көрмесін тұрақты түрде ұйымдастыру және жыл сайын 10 тамызда - Абайдың туған күнінде Ташкенттегі ақын ескерткіші жанында салтанатты шаралар өткізу, оқушылар мен студенттер арасында «Абай шығармаларының білгірі» шығармалар байқауын ұйымдастыру ұсынылып отыр.

Сонымен бірге, құжатта Абайдың "Таңдамалы" шығармалар жинағын және «Өзбек-қазақ әдеби байланыстары» әдеби-сараптамалық мақалалар жинағын әзірлеп, баспаға беру ұсынылған.

Одан бөлек, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен теле, радиоматериалдар әзірлеу, оқу орындарындағы мектептерде, әскери бөлімдер мен ұжымдарда тақырыптық кештер өткізу қарастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар