Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Астанада Мәдениет порталының тұсауы кесілді...

13.04.2018 9276

Астанада Мәдениет порталының тұсауы кесілді

Астанада Мәдениет порталының тұсауы кесілді - adebiportal.kz

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Мәдениет порталы» (www.madeniportal.kz) интернет-ресурсының тұсаукесер рәсімі өтті. Шара барысында порталдың жұмысы таныстырылып, жаңа жобаға белгілі ақын Айжан Тәбаракқызы жетекші болып тағайындалды.


«Мәдениет порталы» – Қазақстан Ресбуликасының мәдени мұрасын заңды түрде бір жерге жинақтайтын және тұрақты түрде насихаттайтын ағартушылық бағыттағы қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі ең ірі мәдени платформа болмақ.


Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы барлық тармақтары бойынша жүзеге асып жатқан мәдени іс-шараларды көрсететін, энциклопедиялық түрде қызмет атқаратын мәдени әлемге айналады деп күтілуде.

Порталда Мемлекет басшының бағдарламалық мақаласындағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Заманауи Қазақстан мәдениеті», «100 жетекші оқулық аудармасы», «100 жаңа тұлға», «Латын әліпбиіне көшу» секілді негізгі арналарға «Рухани Жаңғыру» бөлімі арқылы жеке-жеке айдарлар ашылған. Порталдың тағы бір ерекшелігі әр авторға (ақын, жазушы, айтыскер, күйші, актер, суретші, әнші, биші, мүсінші, архитектор, журналист, фотогарф, ғалым, жырау, композитор, публицист, сатирик, аудармашы, сыншы, драматург, режиссер, музыкант т.б.) арнайы парақшалар ашылған және олардың шығармашылығына қатысты барлық деректер топтастырылған. Әр авторға өз шығармашылығын ұдайы дамыту мақсатында мәдени блог жүргізу мүмкіндігі де қарастырылған.


Қазіргі уақытта үш тілде 5324 автордың жеке парақшасы және оларға қатысты ақпараттық материалдар, электоронды кітаптар, аудиокітаптар, әндер, күйлер, видеолар және сирек фотосуреттер жинақталған.


«Мәдениет порталы» – тек мәдени ресурстардың қазаны ғана емес, еліміздегі барлық театр, музей, кітапханалардың басын бір жерге қосқан бірегей коммуникациялық мәдени алаң.


«Мәдениет порталы» – «Онайн-конкурс» бөлімін қолға алып, еліміздегі барлық әдеби, мәдени конкурстарды ашық, әділ өтуіне мұрындық болуды мақсат етіп отыр. Бұл бөлім арқылы жас таланттарға үлкен қолдау білдіреді. Бұдан басқа да Порталда ұлттық құндылығымыз - айтыс өнеріне арнайы бөлім ашылды. Бұл бөлім арқылы портал қызметкерлері еліміздегі өтетін барлық айтыстарды онлайн түрде көрсетеді және оларға талдау мақала жазып, жүйелі түрде ұсынып отырады. Порталдың тағы бір ерекше бөлімі - «Кино». Мәдениеттің үлкен бір саласы - отандық кино индустриясының дамуына соңғы кездері баса назар аударылып отыр. Портал отандық әр жаңа киноға рецензия жазып, әділ сын-мақалалар ұсынады.


«Мәдениет порталы» – өз ұлтын сүйетін, әдебиетін ардақтайтын, мәдениетін құрметтейтін жастардың мүддесін көздейтін платформа ретінде танылады. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады», - деген болатын.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар