Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
1 ТАМЫЗ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ....

01.08.2017 4688

1 ТАМЫЗ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ.

1 ТАМЫЗ. ӘДЕБИ КҮНТІЗБЕ. - adebiportal.kz

ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНДЕР

1819 — Герман Мелвилл (Herman Melville), америкалық жазушы («Моби Дик»).

Нью-Йоркте дүниеге келген. Мектепті бітірген соң банкте, шаруа қожалықта, тері фабрикасында, мектепте ұстаз болып та жұмыс істейді.

1839 жылы ол «Святой Лаврентий» атты кемеге жұмысқа орналасады. Кеме Нью-Йорк пен Ливерпул арасында қатынайтын. Жазушы кит аулаушылар мен адамжегіштерді өз көзімен көріп, көптеген оқиғаларды бастан кешіреді. Сапарға шығу Мелвилл үшін әдетке айналады.

Америкаға Герман 1844 жылы оралады. Өз басынан кешкен шытырман оқиғаларын «Тайпи», «Ому», «Теңіз киімі» сынды кітаптарға түсіріп, шығармашылықпен айналасады.

1851 жылы ол өзінің ең атақты танымал романы «Моби Дикті» жазып бітеді. Роман үлкен ақ китті қуған кит аулаушылар туралы, зұлымдық пен мейірімділіктің айқасы туралы болатын.

Герман Мелвилл 1891 жылы 28 қыркүйекте Нью-Йоркте дүниеден озды.

1914 — Григол Абашидзе ( 1994 жылы қайтыс болған), грузиялық ақын.

Григол Абашидзе Чиатур қаласында дүниеге келген. 1931 жылы Тбилисидегі орта мектепті тәамадаған соң, 1936 жылы И. В. Сталин атындағы Тбилиси мемлекеттік университетінің филологияй факультетін аяқтайды. Оның шығармашылық жолы 1934 жылдан басталады.

Грузияның ССР кезіндегі Әнұранының авторы (1944). Социалистік Еңбек Ері (1974). Екінші дәрежелі Сталин сыйлығының иегері (1951).

1916 — Энн Эбер (Anne Hébert) (ум. 2000), канадалық ақын, жазушы.

1923 — Картер Браун (шын есімі Алан Джеффри Эйтс) (Carter Brown — Alan Geoffrey Yates) ( 1985 жылы қайтыс болған), ағылшын-австралиялық жазушы, детективті романдардың авторы.

Алан Джеффри Ейтс Лондонда дүниеге келген. Эссекс (Essex) мектебінде сауатын ашады. 1948 жылы Австралияға қоныс аударып, сол елдің азаматтығын алады.

Өзінің шығармашылық жолын Ейтс түрлі жанрға ауыз салудан бастайды. Оның алғашқы талпыныстары қорқынышты әңгімелер мен, вестерндер және ғылыми-фантастикалық шығармалар болатын. Бұл шығармалардың көпшілігі Текс Конрад (ағылшынша Tex Conrad) деген лақап атпен шығып тұрады. 1953 жылдан бастап Ейтс әдебиетте детективтік жанрмен шұғылдануды жөн көреді. Оның алғашқы «Қарусыз Венера» (ағылшынша Venus unarmed) романы үлкен тиржабен басылып, жазушыға зор атақ сыйлайды. 1958 жылы Ейтс (ағылшынша The cold dark hours) романын өз атымен жариялайды.

Ейтс 1985 жылы 5 мамырда өзінен кейін 261 детективті роман қалдырып бұл дүниемен қош айтысты.

1935 — Виктор Иосифович Славкин, жазушы, драматург.

1948 — Дэвид А. Геммел (David Gemmell), ағылшын фантаст-жазушысы.

1961 — Илья Кутик, орыс ақыны.

1967 - Думан Рамазан, , жазушы, драматург, аудармашы.

Сонымен қатар, бүгін қазақтың белгілі жазушысы Думан Рамазанның дүниеге келген күні. Жазушы 1967 жылғы 1 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Абай ауданы, Қызылту кеңшарында дүниеге келген. Көптеген жыл республикалық «Халық кеңесі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жұмыс жасап, бірнеше басылымға, драма театрларға басшылық қызмет етті.

Қазақтың ханы Кенесары туралы бірнеше еңбектің авторы. «Көкжал», «Хан Кененің қазасы», «Алланың әмірі», «Жылап аққан тамшылар», «Көктамыр» атты кітаптардың және «Кенесары хан» деректі фильмі сценарийінің авторы. Көркем аударма саласында жемісті еңбек етіп, Харуки Мураками, Юкио Мисима, Джон Голсуорси, Уильям Сароян секілді әлемге әйгілі қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Сонымен қатар, «Абылай ханның арманы», «Кенесары-Күнімжан», «Апат», «Бала Қазыбек», «Жүрек қалауы» атты драмалық шығармаларды дүниеге әкелген.

Жазушы бірнеше марапаттар мен жүлделерге ие болған. Мәселен, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Қазақстан Жастар Одағы мен Журналистер Одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты.

ДҮНИЕДЕН ОЗҒАНДАР

1913 — Леся Украинка (шын есімі — Лариса Петровна Косач-Квитка), украин жазушысы, ақын.

1871 жылы 25 ақпанда Новоград-Волынский қаласында дүниеге келген жазушының анасы белгілі жазушы Олена Пчилка болатын. Леся бес жасынан бастап музыкалық пьесалар жазып ойнайтын, ал сегіз жасында ол алғашқы өлеңін жазды. Сонымен қатар, ол бірнеше тілді еркін меңгеріп өседі. Он жасында туберкулёзбен ауырған қыз, музыкамен айналыса алмайтын болғандықтан, 12 жасынан бастап әдебиетпен шұғылдана бастайды. Алдымен ол «Вечера на хуторе» атты Н. Гогольдің шығармасын аударудан бастайды. Бұл аударма сол уақыттары «Літературно-науковий вісник», «Зоря» и «Жите і слово» сынды шет елдік бірнеше журналдарға басылады.

19 жасында Леся Украинка «Шығыс халықтарының ежелгі тарихы» атты оқулық жазады. 1893 жылы оның өлең кітапшасы жарияланады. 1896 жылы оның алғашқы пьесасы дүниеге келеді.

Леся Украинка 1913 жылы 1 тамызда 42 жасында туберкулёзден көз жұмады.

1926 — Ян Каспрович (Jan Kasprowicz), польшалық ақын, драматург, әдеби сыншы.

Айтулы оқиғалар

1944 — Анна Франк (Annelies Marie Frank) өзінің күнделігіне соңғы жазбасын жазады.

2007 - Қазақтың батыры һәм жазушысы Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған жері – Жамбыл облысы Жуалы ауданының орталығында батырға арналған ескерткішінің іргетасы қаланды. Рәсімге зиялы қауым өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты. Кеңес Одағының батыры, қазақтың маңдайалды жазушысының қаламынан көптеген құнды дүниелер туды. «Москва үшін шайқас», «Ұшқан ұя», «Майдан», «Майдандағы кездесулер» «Офицердің күнделігі», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Адам қайраты» повестері мен әңгімелерінің авторы.

2007 - Осыдан он жыл бұрын Елордада белгілі ақын және журналист Қайырбай Төреғожының «Жаңбырлы жаз» атты кітабы жарық көрді. Кітапта ақынның соңғы жылдары жазған өлеңдері жарияланған. Жинақта ақынның «Арман-ай» атты көлемді поэмасы да жарық көрген.

Дайындаған. Наурызбек САРШАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар