Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

19.11.2021 3407

2010 жылдың рухани хроникасы 12+

2010 жылдың рухани хроникасы - adebiportal.kz

2010 жыл. 19 қаңтар. Мемлекет басшысы елге елеулі әрі танымал жазушы Софы Сматаевты қабылдап, ұлттық мәдениеттің дамуы мен өсіп келе жатқан шығармашыл жастарды тәрбиелеудегі ардагерлердің рөлі мәселелерін талқылады.

17 ақпан. ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, танымал әдебиеттанушы Рымғали Нұрғалиев өмірден өтті. «Рымғали Нұрғалиев – бүкіл саналы ғұмырын туған халқын рухани тұрғыдан кемелдендіруге арнады. Академик Нұрғаиевтің еңбегі мен жарқын дидарын халқымыз ұмытпайды», - делінген, мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатында.

19 маусым. Астана қаласында «Астана – махаббатым менің» атты қазақстандық-түркиялық 12 сериялы телевизиялық көркем фильмінің тұсаукесері болды.

25 қыркүйек. ІІ Дүниежүзілік соғыстың даңқты қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған іс-шаралар ресми басталды.

9 Қараша. Алматыда «Алтын қалам» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды. 72 автордың 92 шығармасы келіп түскен байқауда «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша жазушы Думан Рамазанның «Көш» туындысы, «Жылдың үздік поэзиясы» аталымы бойынша ақын Ақберен Елгезектің "»Сені сүю» туындысы, «Жылдың үздік драматургиясы" аталымы бойынша Байғали Есеналиевтың «Қанды азу» туындысы, «Жылдың үздік балалар шығармасы» аталымы бойынша ақын Қалқаман Сариннің "Әдеп" әңгімесі үздік деп танылды.

27 желтоқсан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы «Дарын» мемелекеттік жастар сыйлығына «Әдебиет» аталымы бойынша Әшірбаев Бекжан, Ақберен Елгезекұлы, Алмас Темірбай ие болды.

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығы 2010 жылы ақын Жұмекен Нәжімеденовке (1935-1983) «Менің Қазақстаным» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін берілді.

2010 жылы қазақ тілі мен әдебиетінде, өнерінде өшпес із қалдырған мына белгілі тұлғалардың туғанына 100 жыл толды.

1. Ахмеди Ысқақов (1910-1966) – көрнекті тілтанушы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері

2. Рамазан Елебаев (1910-1943) – талантты композитор, әйгілі «Жас қазақ» әнінің авторы.

3 Ысқақ Дүйсенбаев (1910-1976) – көрнекті әдбебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

4. Мұхаметжан Қаратаев (1910-1995) – әдебиет зерттеушісі, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы

2010 жылы ердің жасы елуге келген қаламгерлер

Бақытбек Смағұл – ақын, жазушы, Ауған соғысының ардагері

Болат Бопайұлы – жазушы, фольклортанушы

Болат Шарахымбай– ақын

Сабыр Адай – ақын

Мұхтар Құл-Мұхаммед – жазушы, мемлекет қайраткері

Мақсот Ізімұлы – жазушы, журналист


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар