Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

24.11.2021 3521

2012 жылдың рухани хроникасы 12+

2012 жылдың рухани хроникасы - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің «Әдебиет порталы» интернет-жобасы әдеби, рухани тәуелсіздік хроникасын жалғастыруда. «Тәуелсіздіктің рухани хроникасы» атты цикльді бағдарламаның бұл жолғы шығарылымы 2012 жылға арналып отыр.

2012 жыл – Ұлу жылында еліміздің әдеби, мәдени, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі іс-әрекетіндегі маңызды деп саналған оқиғалар мыналар болды.

2012 жылдың рухани хроникасы

12 қаңтар. Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

16 шілде. Астана қаласында «Әзірет сұлтан» мешіті ашылды.

27 шілде-17 тамыз. Қазақстандық спортшылар Лондон олимпиадасына қатысты. Үш алтын, бір күміс, жеті қола медаль алған отандық спортшылар зор жетістіктермен оралды.

13 қазан. КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақтың әйгілі әншісі Күләш Байсейітованың ғасырлық мерейтойы туған өлкесі Ақтоғай ауданында салтанатты түрде тойланды. Мерейтой ел көлемінде жыл бойы алуан түрлі іс-шаралар ауқымында атап өтілді.

1 желтоқсан. Тұңғыш Президент күні алғаш рет атап өтілді. Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа байрағын көтеру рәсіміне қатысты.

28 желтоқсан. ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 2012 жылы «Әдебиет» аталымы бойынша «Дарын» мемлекеттік сыйлығына Шығыс Қазақстан өнер мұражайының маманы, ақын Азамат Тасқараұлы мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы, ақын Қалқаман Сарин ие болды.

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығына 2012 жылы жазушы Сәбит Досанов («Жиырмасыншы ғасыр» роман-эпопеясы үшін) пен ақын Несіпбек Айтұлы «Арқатірек» поэмалар жинағы үшін ие болды.

2012 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінде есімі танымал мына тұлғалардың туғанына 100 жыл толды.

1. Камал Қармысов (1912-1991) – көрнекті кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі.

2. Зейін Шашкин (1912-1966) – жазушы, драматург, дәрігер, ғалым.

3. Жайық Бектұров (1912-1998) – жазушы, журналист

4. Жамал Омарова (1912-1976) – Қазақстанның халық әртісі, әнші.

5. Әди Шәріпов (1912-1973) – жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі

6. Шара Жиенқұлова (1912-1991) – Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші, актриса, педагог

2012 жылы Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастады. Сонымен қатар осы жылы Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚЖШ) жарғылық органына төрағалық етті.

Қазақстан сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық міндетін абыройлы орындады.

2012 жыл – "Мәңгілік ел" идеясы енгізілген, Қазақстан үшін барлық жағынан алға басқан айтулы жыл ретінде тарих бетінде таңбаланды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар