Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Кітапханадағы түн» шақырады

02.07.2015 419

«Кітапханадағы түн» шақырады

 

2015 жылы 4 шілдеде Ұлттық академиялық кітапханада Астана күні қарсаңында «Рухы биік Астана!» тақырыбымен «Кітапханадағы түн» әлеуметтік-мәдени акциясы өтеді.




Изображение 467.jpg



Сағ. 11.00-де – балаларға арналған «Астана балалар көзімен» бағдарламасы.

Сағ. 19.00-де – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, сазгер әрі әнші Жалғас Кеңесовтің «Астана – әсем ән қала» атты шығармашылық кеші.

Сағ. 20.30-да «Шабытым менің – Астана поэзиялық фреш, жас ақындар мінбері.

Сағ 22.00-ден 24.00-ге дейін «Кітапханадағы түн» әлеуметтік-мәдени акциясы өтеді. Акцияның мақсаты – оқуға қолдау көрсету, қонақтар мен қатысушыларды кітапхана қорларымен және қызметімен таныстыру, Қазақстандық кітапхана ісін және оқу ісін ілгерілету.    

Акцияға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, елордалық зиялы қауым өкілдері, оқырмандар, елорда тұрғындары және қала қонақтары қатысады.




Изображение 142.jpg



 

«Кітапханадағы түн» бағдарламасында:



- мультимедиялық залдың ашылуы

- мемлекеттік қызметкерлерге арналған залдың ашылуы

- «Алаш тәжі – Астана» кітап көрмесі

- Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің   «Құран Кәрім Апталығы» көрмесі

- «Астана бояулары» сурет көрмесі

- «Астана – гүл қала» гүлдер көрмесі

- кітап жәрмеңкесі

- «Құнды тарту» кітап сыйлау акциясы

- «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, сазгер Марат Омаров Қазақстан мен Еуразия елдеріндегі достық пен ынтымақтастық қоғамының қызметімен таныстырады» тақырыбы бойынша оқырмандармен кездесу

- «В свободном полёте» тақырыбы бойынша оқырмандармен музыкалық-поэтикалық негіздегі кездесу

- «Кореяның кітап әлеміне таңғажайып саяхат» әдеби-музыкалық достық көпірі

- KitapFEST көрмесі. «БукЛОТО» әдеби викторинасы 

- «Жан жүрегім, Астана!» флеш-мобы

-  Астана туралы деректі және музыкалық фильмдер демонстрациясы

- облыстық кітапханалардан онлайн құттықтаулар.

Кітапхана қонақтары танымдық ақпараттармен таныса отырып, кенеттен сыйлықтар мен тосын сыйларға кенелмек. Келем деушілерге есік ашық! 


adebiportal.kz

  

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар