Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанада ІІІ Халықаралық Оқу Конгресі басталды...

11.09.2018 3527

Астанада ІІІ Халықаралық Оқу Конгресі басталды

Астанада ІІІ Халықаралық Оқу Конгресі басталды - adebiportal.kz

Бүгін Тәуелсіздік сарайында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбындағы ІІІ Халықаралық Оқу Конгресін өткізді.

Шара барысында әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар қазіргі замандағы кітап оқудың мәдениеті және кітаптің қоғамдағы орны турасында өз ойларын ортаға салды.

«Конгресстің мақсаты – кітап оқуды насихаттаудың әлемдік тәжірибесін талқылау, оқырмандардың мәдени құзыреттілігін жақсарту, интеллектуалдық әлеуетті арттыру, кітапханалардың әлеуметтік-мәдени мекеме ретінде қызметін жетілдірудің пікірталас алаңы болмақ», – дейді конгресстің ашылу салтанатында ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Ал белгілі ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков болса, кейінгі кезде кітап оқылмай жатқанын, бұл мәселені тез арада шешу керек екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, қанша ғасыр өтсе де кітап – атадан балаға мирас болып қалатын асыл құндылық болып қала беретінін жасырмады.

Іс-шараға әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуро, танымал жазушылар Януш Вишневский, Георгий Пряхин, Қазақстанның ақындары мен жазушылары: Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржекеев, Байбота Қошым-Ноғай, Маралтай Ыбыраев және Бақытжан Қанапиянов т.б. қатысты.

Сонымен қатар, аталған шараға арнайы қонақ ретінде Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық қордың президенті (Ыстықкөл форумы) Асқар Айтматов Шыңғысұлы (Қырғызстан), маркетинг коммуникациясының маманы, бизнесмен, блоггер Ержан Рашев, баспагер, журналист, бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібеков, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет және өнер туралы «Содружество искусств» мемлекетаралық ақпараттық-талдамалық журналының бас редакторы Андрей Андреевич Блиок (Россия, Санкт-Петербург), Армениядағы «Комсомольская правда» және «Аргументы недели» газетінің директоры, «Иравнук» газетінің жарнама бөлімінің бастығы Вартан Спартакович Аствацатарян, т.б. танымал тұлғалар шақырылған.

Екі күнге жалғасатын конгресстің Пленарлық отырысына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ғалым-түрколог Әбдуақап Қара (Түркия, Стамбул), ғалым, аудармашы Хуан Чжонсян (Пекин, Китай), жазушы, журналист, Пряхин Георгий Владимирович, (Москва, Россия), Италия, Македония, Египет, Иран, Индия, Испания, Пакистан, Түркия, Әзербайжан, Белорусия, Франция елінің ақындары мен жазушылары қатысады деп жоспарлануда.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар