Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазақтың жыры - мұратым!» атты әдеби-сазды кеші ө...

02.10.2018 4037

«Қазақтың жыры - мұратым!» атты әдеби-сазды кеші өтеді

«Қазақтың жыры - мұратым!» атты әдеби-сазды кеші өтеді - adebiportal.kz

ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Ел ордасы - Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында 3 қазан сағат 17:00-де ҚР Ұлттық Музейінде республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «Жас дәурен» жыр жинағының авторы, ұстаз, бүгінгі таңда Ішкі істер органдарының полиция қызметкері Бекмұрат ӨМІРБЕКТІҢ «Қазақтың жыры - мұратым!» атты әдеби-сазды кеші өтеді.

Кеш барасында «Шабыт» өнер университетінің студентері мен мектеп оқушылары өнер көрсетеді. Сонымен қоса, ақынның сөзіне жазылған жаңа әндер орындалады.

Кешке белгілі ақын-жазушылар Алмахан Мұхаметқалиқызы, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Қарағызұлы, Махат Садық, Қанат Жүнісов, Ербол Бейілхан, әнші-сазгер Марат Омаров, Ибрагим Ескендір, Жәнібек Боранбаев, Қанат Едресов, Жұмағазы Какимжанов сынды өнер майталмандар қатысады.

Кеште ақынның «Қазақтың жыры – мұратым» атты жыр кітабының тұсаукесері болады.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар