Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

01.06.2015 807

«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Әдебиет порталы» интернет-жобасы ұйымдастырған мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Менің алғашқы кітабым» эссе байқауын ұйымдастырғанын бұған дейін  хабардар еткен болатынбыз. Байқауды ұйымдастырған мақсатымыз – мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті бар жастардың мүмкіндігін шыңдау. Білімді, қабілетті жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашыл жастарды оқырмандарға интернет арқылы таныту болатын. 


Байқауға республика аймағындағы 8-11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларының шығармалары қатыстырылды. Байқауға ұсынылған  шығармалар екі тілде (қазақ, орыс тілдерінде) қабылданды. 


Байқау жеңімпаздарын  бағалау кезінде қазылар алқасы үміткерлердің «Менің алғашқы кітабым» тақырыбында ұсынған шығармалардың тіл тазалығына, тақырыптың мазмұндылығында, көркемдік танымына, шығармашылық сауаттылығына баса назар аударды. Байқауға Астана қаласының мектептерінен, Қарағанды, Жезқазған, Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан қазақ тілінде барлығы 55 шығарма келіп түсті. Ең үздік эсселерді назарларыңызға ұсынған болатынбыз.



Бүгін байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне Астана қаласындағы қазақ мектептері мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің жеңімпаз оқушылары мен жетекші ұстаздары қатысты. 

 







«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауында үздік деп танылған жеңімпаздар:
 

1. Әлия Іңкәрбек – Алматы облысы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы

 

2.  Дина Бөкебай – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақыауылы № 25 мектебінің 9-ынып оқушысы


3. Адина Иманбаева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы


4. Азамат Бақиев – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,Көпжасар ауылы, Д.Нұрпейісова мектебінің 10-сынып оқушысы


5. Жадыра Мырзабай – Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, М.Горький атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы


6. Сымбат Құттыбай – Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы


7. Айбибі Қуандықова – Астана қаласы №61 орта мектебінің 6-сынып оқушысы


8.  Жібек Беркутова – Қарағанды облысы Жезқазған қаласы №1 орта мектебінің 8-сынып оқушысы


9. Гүлнұр Тұрсынханова – Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің 9-сынып оқушысы


10. Дария Исмаилова – Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы









           DSC_1740.JPG


           DSC_1749.JPG



          DSC_1762.JPG



          DSC_1758.JPG



          DSC_1755.JPG



          DSC_1775.JPG



         DSC_1779.JPG



         DSC_1809.JPG



         DSC_1825.JPG




                              

                            DSC_1772.JPG                    DSC_1804.JPG



adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар