Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Қазақ әдебиеті газетіне - 85 жыл!

11.01.2019 285

Қазақ әдебиеті газетіне - 85 жыл!

Қазақ баспасөзіндегі орны бөлек басылым – «Қазақ әдебиеті» газетінің шыға бастауына 85 жыл толып отыр. Алғашқы саны 1934 жылы 10 қаңтарда жарық көрген газетті осы сегіз мүшел жүзінде небір марғасқа азаматтар басқарып, өсіп-өркендеуі жолында із қалдырған екен. Алғашқы редакторы Ғабит Мүсірепов болған бұл ұжымда Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин қатарлы көрнекті тұлғалар қызмет атқарған.

Әу бастан-ақ ұлт мәдениетін көтеруді басты ұстанымы ретінде қабылдаған газет 1940 жылға дейін жарық көріп тұрып, белгісіз себептермен тоқтап қалады.

1955 жылы қайтадан жарық көре бастағанда, басылымның редакторы майдангер ақын Сырбай Мәуленов болады. 1956 жылдан бастап аптасына бір рет шығып келе жатқан әдеби басылым сол кезеңнен бері тек қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ ұлтының өзекті мәселелерін көтере отырып, қоғамдағы салмақты орнын иелене алды.

Кеңестік дәуірдегі идеологиялық құрсаудан құтылып, азат Қазақстанның еркін ойлы басылымы ретіндегі тың тынысты кезеңге қадам басқан «Қазақ әдебиеті» бұл күндері бастапқы бағыты – ұлт руханиятын нығайту, дамытуға үлесін қосуда. Алдыңғы толықн ағалар салған ізгі дәстүр – қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны, шетел әдебиетімен байланыс сияқты әдебиет дамуының алтын қазыналы керуенінің жез бұйдасын жаңа ғасырда лайықты ұстап келе жатқан танымал жазушы Дәурен Қуат басқарған ұжымды мерейлі мерекесімен құттықтаймыз!

Ізгі тілекпен, «Әдебиет порталы» ұжымы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар