Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Түркі академиясының тағылымды шарасы...

24.04.2019 3087

Түркі академиясының тағылымды шарасы

Түркі академиясының тағылымды шарасы - adebiportal.kz

Бүгін «Көрме» орталығында IV Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі шымылдығын түрді. Осы шара аясында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Манас» эпосы және қазіргі қырғыз әдебиеті» атты семинар өтті.

Жиын тізгінін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі алып, семинардың маңыздылығын, қазақ пен қырғыздың мәдени-әдеби байланысын тілге тиек етті.

Шара барысында М.Медеров нұсқасы бойынша жарық көрген «Манас» эпосы, Сұлтан Раевтың «Жанжаза» романы, «Қазіргі қырғыз поэзиясы» антологиясы, Шыңғыс Айтматовтың «Балалық шақ» кітабының тұсаукесері болды.

«Мен бірінші кезекте бүкіл қырғыз ағайынның атынан сіздерге ризашылығымды білдіремін. Екіншіден, «Манас» эпосымен қатар менің де кітабым шығып отыр. Осы орайда, Түркі академиясына алғысымды айтқым келеді. «Жанжаза» кітабы қырғыз тілінде 2013 жылы жарық көрген. Алғы сөзін Мұрат Әуезов жазды. Биыл қазақ тілінде оқырманға тарап отыр. Бүгінгі кітап мейрамы құтты болсын», – деді қырғыз елінен келген жазушы Сұлтан Раев.

Ал Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет: «Арғы тарихымыз қырғыздармен жақын. Жақындығын «Манастан» табуға болады. Тіпті, бұл – Түркі халықтарын біріктіретін шығарма. Сондықтан бұл кітап латын қарпіне негізделген қазақ тілінде шығып отырғанына қуанып отырмыз», – деп ізгі тілегін білдірді.

Семинарда белгілі ақын, жазушы, жыршы Баянғали Әлімжанов «Манас» эпосынан үзінді оқып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Жиынға Қырғызстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жеенбек Құлыбаев, зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, оқырмандар қатысты.

Айта кетейік, IV Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі 27-сәуірге дейін жалғасады. Жаңа кітаптардың тұсаукесерлері өтеді деп жоспарлануда.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар