Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Елім деген Ер Оспан» мүшәйрасы жарияланды

13.05.2019 1177

«Елім деген Ер Оспан» мүшәйрасы жарияланды

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры, ҚР Жазушылар одағы Оспан батырдың 120 жылдық мерейтойына арналған «Елім деген Ер Оспан» атты жыр мүшәйрасына бәйге жариялады.

Биыл XX ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан батыр Сіләмұлының (1899-1951) туғанына 120 жыл толды. Осыған орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ҚР Жазушылар одағымен бірлесіп, даңқты батырдың 120 жылдығына арнап халықаралық деңгейде ауқымды шаралар ұйымдастырып отыр. Соның бірі – «Елім деген Ер Оспан» атты жыр мүшәйрасы.

Бұл мүшәйра Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, ел Тәуелсіздігін ұлықтау, елім деген ерен тұлғаларды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мүшәйраға 40 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлең қабылданады. Оның бірі Оспан батырға арналған, екіншісі еркін тақырыпта болуы шарт.

Әр өлең 15 шумақтан аспауы керек. А4 форматта компьютерде теріп, бiр данасын (электронды түрде) ұйымдастырушыларға жолдайды. Мекенжайы мен телефоны жазылуы тиіс.

Мүшәйра жабық түрде өтеді. Үміткерлердің туындыларын арнайы қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді. Ұйымдастыру алқасы мүшәйраға қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 15 шілдеге дейін қабылдайды. Мүшәйра жеңімпарзары қыркүйек айында марапатталады.

Тапсырылған өлеңдер қайтарылмайды.

І орын – біреу. 500 мың теңге

ІІ орын – екеу. 300 мың теңге

ІІІ орын – үшеу. 200 мың теңге

Мүшәйрада ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.

Ұйымдастырушылар: ҚР Жазушылар одағы, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры.

Байланыс: E-mail: erjanibek.2007@gmail.com

Mob.: +7 707 7900097


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Оспан

Көп оқылғандар