Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ататүріктің «Жолдауы» қазақ тілінде сөйледі

17.05.2019 205

Ататүріктің «Жолдауы» қазақ тілінде сөйледі

Бүгін елордада ХТА Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі және Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының қолдауымен Түркиядағы Мұстафа Ататүрік бастаған ұлт-азаттық күрестің 100 жылдығына орай арнайы іс-шара өтті.

Жиын барысында «Тарихтан тағылым: Түрік ұлт-азаттық күресі және Ататүрік» атты конференция, арнайы көрме және Ататүріктің «Жолдау» кітабының қазақ тілінде жарық көрген нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.

Конференцияда сөз алған Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі: «Өздеріңізге мәлім, осыдан тура 100 жыл бұрын Түркі дүниесінің ержүрек ұлы – Ататүрік Түркияны азат етуге атқа қонған болатын. Биыл біз бұл жылды Ататүрік жылы деп жариялаған болатынбыз. Осы жылдың аясында біз көптеген шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Солардың бірі Ататүріктің «Жолдау» атты кітабын жарыққа шығарып отырмыз», – деді.

Өз кезегінде Қазақстандағы Түркияның төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык Ататүріктің тарихтағы алатын орнына тоқталды. Одан кейін мемлекет және қоғам қайраткері, Түркі Кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахмет баяндама жасады.

Әлемге әйгілі аса көрнекті мемлекет қайраткері, Түркия мемлекетін құрушы, көшбасшы тұлға Мұстафа Кемал Ататүрік «Жолдау» атты еңбегін өз қолымен жазып жүйелеп, 1927 жылы 15-20 қазан күндері Анкарада Ұлы Ұлттық мәжілісте өз аузымен 36,5 сағат бойы оқыған болатын. Түгел түркі дүниесіне ағылымы мен тарихи маңызы зор бұл деректі баянның жас ұрпақтың отаншыл, мемлекетшіл, парасатты тұлға болып қалыптасуына беретін үлесі зор. Осы еңбек арқылы бауырлас Түркия мемлекетінің азаттық жолындағы арпалысы мен тұрақты дамуына негіз болған қағидаттармен оқырман қауым жақыннан танысуға мүмкіндік алып отыр. Кітап түрік тарихын білгісі келетін жалпы оқырманға, жас ғалымдар мен ізденушілерге арналады.

Шараға Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан мен Түркия Республикаларының елшілері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар және этномәдени орталықтардың жетекшілері қатысты.

Жиынға орай ұйымдастырылған «Ататүрік» көрмесінде Түрік Республикасының қалыптасу тарихын баяндайтын 40-тан астам фото қойылды.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар