Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫ» ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТКЕН...

16.01.2017 1109

«ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫ» ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТКЕН...

 (марқұм Кеңес Юсуповтың қазасына)


faedc96155916c9a5895058cb27bc698.jpg



Мына бейопа фәниден Кеңес аға да өтті! Асыл азамат еді, амал қанша! Жүзінен күлкі ғана емес, мейірім төгіліп тұратын. Үлкенге де, кішіге де бірдей болушы еді. Лауазымдыға да, қарапайым кісіге де сәлем-ықыласы бір деңгейде еді! Азаматтық бейнесін қалай айтып тауысарсың! Бір сөзбен айтқанда – асыл азамат-ты! Көп жылдай биліктің жоғарғы кеңсесінде қызметтес те болдық, аға-інідей араластық, кейбір «шіренбайлар» секілді лауазымның буына ісіп-кепкен кезін көрмеппін. Өзін бірқалыпты ұстады, ісіне мұқият болды, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп-асқақтатуда ұшан- теңіз еңбек сіңірді десем, артық айтқандық бола қоймас! Шамамыз жетпей, қиналған сәттерде Кеңес ағаға жүгінуші ек, ол кісі қай сөздің де баламасын дөп табатын, дөп айтатын, дөп түсетін. Көп жыл бойына қазақ тілінің деңгей-дәрежесін көтеруге күш жұмсаған мемқызметші болды, абыроймен зейнеткерлікке шықты. Сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша-орысша сөздігін жасауға көп күш жұмсап, екі-үш томдық еңбек қалдырды артында! Бұл –аз жұмыс емес! Ең бастысы – Кеңес аға әлем мойындаған асыл мұраларды, бірқатар көркем шығармаларды қазақша майын тамыза аудара білген тарлан тәржімашы! Бір ғана мысал – ол Маркестің аса құнды романы «Жүз жылдық жалғыздықты» қазақша сөйлетті! Жәй сөйлеткен жоқ, жатық аударды, қазақ ұғымына сіңістіре білді, төл туындыдай оқылуына ықпал етті! Және сол ойына жете алды! Бұл –шеберлігі! Бұл –тіл білетіндігі! Біздің желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақ әлі талай жылдар бойы Габриэл Гарсиа Маркесті төл тілімізде Кеңес аға аудармасы арқылы оқып-танып, бойға сіңіре берері ақиқаттың ақиқаты! Сізді еш қия алар емеспіз, аға! Бірақ, Алланың ісіне шара бар ма! Қош, қазақ кестелі сөзінің қайталанбас тарланы!


Жолтай Жұмат-Әлмашұлы



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар