Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК
Жансая Жарылғапов. Қазақ прозасындағы модернисті...

23.10.2019 5263

Жансая Жарылғапов. Қазақ прозасындағы модернистік эстетиканың алғашқы көріністері 12+

Жансая Жарылғапов. Қазақ  прозасындағы  модернистік эстетиканың алғашқы көріністері - adebiportal.kz

Әлемдік көркемдік дамудағы экзистенциалистік бағыттың ірі өкілдері – М.Хайдеггер, К.Ясперс, Ж.П.Сартрлерді ортақтастырып тұратын басты белгі – адам болмысына Мен және Басқалар ұғымы тұрғысынан келуі. Олар үшін қоғамдық қатынастар сияқты қозғалыс түрлері абстракция, негізгі шындық – субьективтілік. Осындайлық ой-тұжырымдардың негізгі құяр арналарының бірі – адам өзінің ғлемдік жалғыздығын түйсіну арқылы қоғамнан, сондағы қалыптасқан қатынастар мен нормалардан жатсынуы. Экзистенциалистік таным мен олардың ұстанған концепцияларын, теориялық қырларын қарастырған еңбектердің түгелі дерлік келіскен тоқтам бар. Ол – экзистенциализмнің мәдени құлдырау, рухани дағдарыс кезінде күш алатыны. Экзистенциалистік ой-пікірдің ХХ ғасырда бой көтеруіне бірінші дүниежүзілік соғыстың әсері жғне адамзат баласының бір-біріне жойқын майдан ашқан екінші дүниежүзілік соғыстың уақытында әсері күшейгені осыдан болса керек. Өйткені «Выражая настроение пассивности, неверия и отчаяния, они свидетельствуют и о драматическом пути людей, извервшихся в истории и прогрессе и ищуших решения вне этого мира, люди обращаются к мысли о трагичности всеобщей судьбы» (1,18-19). Яғни, экзистенциалистік ой ағымы қоғамдық құрылыстағы жғне әлемдік деңгейдегі қайшылықтар тереңдегенде, санадағы қақтығыстар кезеңінде адам өзінің фәнидегі жалғыздығын барынша түсінеді деген пікірді ұстанады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары мен қасіреттері Францияда экзистенциализмнің жастар арасынан бұрын-соңды болмаған қолдауына ие болды. Әлемдік дағдарыс жаңа дүниетанымның қалыптасуына, оған дейінгі өмір сүріп келген қалыпты көзқарастардан бас тартуға дейін әкелді. Осы кезеңде Г.Марсельдің, Ж.П.Сартрдың қоршаған әлемді қатыгез, трагедия мен қарама-қайшылыққа толы екендігі жайлы пікірлері алдыңғы қатарға шықты. Мұндайлық ой тек қана француз ойшылдарында ғана емес, жалпы экзистенциализмнің теориялық базисі ретінде танылды. Хайдеггердің «Человек есть и он есть человек, поскольку он экзистирует. Он выступает в открытость бытия, какою является само бытие, которое в качестве броска бросила сущего человека в «заботу». Брошенный таким образом человек стоит «в» открытости бытия. «Мир» есть просвет бытия, в который человек вступает своим брошенным существом» (2,212) - деген ойы Ж.П.Сартрдің «дүние – бос» идеясымен тамырласып жатыр. Экзистенциалистер осы тығырықтан шығудың жолын адамның жеке болмысы, оның «мені» арқылы шешуге тырысты. Мұндай ізденістер бұл бағыттың таза пессимистік және нигилистік арнада қалып қоймағандығын көрсетеді. Олар үшін шындықтың ең үлкені жеке адамның өмір сүру барысында нақты «сезілетін», «танылатын» шындық. Зерттеуші Т.А.Сахарованың сөзімен айтсақ, «У человека, заявляют экзистенциалисты, сущность подчинена существованию: именно существование является для него подлинной и первичной реальностью. Человек не детерминирован своей сущностью, она лишь возможность и становится действительностью только в процессе существования. Человек «брошен в мир» без сущности. Он сам ее создает в процессе своего существования» (3,23).

Қазақ әдебиетіндегі осы философиялық ойдың кейбір көріністерін ХХ ғасыр басынан-ақ байқаймыз. Қазақ прозасының бастапқы кезеңдері мен соңғы жылдары аралығын бір-бірімен байланыстыра зерттеп, жалпы бұл жанрдың қалыптасып-дамуындағы негізгі көркемдік заңдылықтарды ашуға арнаған еңбегінде қазақ зерттеушісі А.Ісмақова Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Ғуезов шығармаларындағы экзистенциалистік мғселелердің қойылысы жайлы біршама құнды пікірлер айтты. «Тематика казахской прозы 20-х годов катастрофична и расколота, здесь льется кровь, рушаться мечты и иллюзий. По агрессивности этот мир поражает нас своей внутренней оппозицией, порождающей шум и ярость степи. Для этих писателей важно показать, как герой под воздействием жизненных событий становится человеком-личностью» (4,119) - деп жазады ғалым.

ХХ ғасыр басындағы саяси-ғлеуметтік, қоғамдық жағдай сол шақтағы алғашқы прозалық туындылардың проблематикасын белгіледі. Уақыт өткен сайын асқына түскен отарлық бұғау, қазақ даласындағы бір қоғамдық формациядан екіншісіне өту, әкімшілік-саяси құрылымдардың күштеп ауыстырылуы барысындағы өліара кезең, салт-сана, ел арасындағы өрескел жүгенсіздіктер, адамдық ардың ала жібін аттаған парақорлық сол дғуірдегі әдеби шығармаларға арқау болған шындықтар. Қазақ халқының басына түскен ауыртпалық, қым-қуат тіршілік сол кезеңдегі қаламгерлердің қарапайым адамның жан-дүниесіндегі өзгерістеріне үңілуге мұрындық болды. Адам табиғатының трагедиялылығы, бұл өмірдегі таусылып бітпес «күйбең» қарекеті жайлы, әлемнің, болмыстың қатыгездігі, оның адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы жайлы ойлар алғашқы экзистенциалистік пікірлердің көрінісі ретінде танылады.

Қазақ интеллигенттерінің ұлт бостандығы жайлы көзқарастары, қалыптасқан саяси ахуалға қарсы тұруы қазан төңкерісінен кейінгі уақытта тікелей көрініс беруден гөрі, астарлы мағынаға ауыса бастады. Сол себепті де адам тағдырының сыртқы ғсерлер тудыратын жағдайлар алдындағы шарасыздығы мен қорғансыздығы, буырқанған ғлем алдындағы қауқарсыздығы жайлы философиялық ойлар белең ала бастады. Адам ғұмырының мәнісі жөніндегі мғңгілік мғселелер жазушылардың бірден-бір тереңдей бейнелеуге ұмтылған тақырыбы болды.

Алғашқы прозалық үлгілердің көпшілігіне тән трагедиялық әуен трагедиялық бейнелер кеңістік пен адам тұлғасын сыртқы дағдарыстармен, барынша өткір мәселеге айналып кеткен рухани ауытқулармен тығыз байланысты. Мұндай ерекшелікті Мұхтар Әуезовтің 20-шы жылдары жазған әңгімелерінен байқар едік. Қазақ әдебиеттануында бұл мәселені алғашқылардың бірі болып көтерген Е.Аманшаев жазушының “Қорғансыздың күні” әңгімесі жайлы: “Жер-дүние өлімнің құрсауында жетімдіктің зардабын шеккендігін паш етеді. Адам атаулы күллі әлемді молаға толтырып, Күшікбайдың бейітінен ысқырып келе жатқан өлім алдында қорғансыз, панасыз, жетім. Әңгімедегі кеңістік тұйықталған вакуум секілді. Жер-дүние өлім деген тұйыққа тіреліп, өлім деген вакуумнан шығар тесік таба алмай қымтырылулы. Адам тұйыққа туа сала тасталған” (5,93) - дейді. Автор пікірі теориялық тұрғыдан толық дәйектеліп жатпаса да, бұл жерде біраз ойға қорек болатын көзқарас жатыр. Адамның әлемдегі жалғыздығын бейнелеудегі айрықша қызметі бар – табиғаттың символикалық функциясы да сыншы мақаласында орынды ескерілген.

“Не бауыры, не сыртында ықтыртын жоқ ысқаяқ. Арқалық жадағай жалғыз қабат болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да, оңынан соқса да паналығы жоқ: азынап тұрады. Жыл сайын қыс басынан қарлы болып малға панасы жоқ болғандықтан, бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, өзге ел аман отырғанда, шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын” (6,67).

Бұл суреттеменің көркемдік-эстетикалық қуаты сонда – сұрықсыз қысқы даланың келбетін, айықпайтын ызғарды сезіндіре отырып, жазушы алдағы трагедияны болжайды. Жаћандағы қылт еткен тіршілік атаулыны зәрлі үскірігімен жайпап келе жатқан қаһарлы табиғат өз үстемдігін жүргізіп тұр. Астан-кестен әлемнің ортасында тіршіліктің нышанын уақытша ғана білдіріп тұрған қаралы үй де жалғыз. Кешегі күні жалғанды жалпағынан басқан, дәуірінің арыстаны - Күшікбайдан да қалған жалғыз белгі – мола ғана. Дәурені өтпестей болған батыр моласының үстінде ақ түтек бүркіген боран сан-түрлі қимылмен “биге салады”. Кемпірдің монологы да жалғыздықтың күйін шертеді.

Өмір қиындығын қаршадайынан көріп келе жатса да тағдырдың асқан қатыгездігін Ғазиза Ақан мен Қалтайдан көреді. Өйткені Ғазиза қорғансыз. “Қорлық мазақ көрген Ғазизаның көзінен дүниенің барлық қызығы кетті. Жастығына лайық болған ұміт, қиялдың бғрі де ойын басқан қараңғылыққа батты, көңіліндегі өмір сүрсем деген оттың ақырғы жалыны сөнді. Көңіліндегі таусыншақ сезімнің ойлатқаны: енді үйге кіріп қайтемін? Үйде мен көретін не қызық қалды? Бишара болған шешелерім ақырғы қайғымды көрмей-ақ, білмей-ақ қойсын. Қайғылы бір сыр көрге бірге-ақ кетсін дегендей болып тысқа шықты. Күн әуелгі қалпынша: ақ түтек болып борап тұр. Біресе өкіріп, біресе гуілдеп, құтырынып ұйтқып соққан қатты жел Ғазизаға “жүр-жүр” дегендей болып, дедектетіп жүріп кетті”(6,86-87).

Ақырында ішкі әлемін аласапыран дауыл кернеген Ғазиза мына жалғанның жаттығын сезініп, оны талақ етеді. “Бұрынғы бейнет, бишаралық былай тұрсын, мынау көрген мазақ не? Осынша қорлау, рәсуалау не?.. Бүгінгі өмір бойында құлағы естімеген зорлық зұлымдықты көруге не жазық қылып еді?.. - Ешбіріне жауап жоқ. Бірақ қайда жүрсе де, артынан көлеңкесіндей қалмай жүрген бір сорлылық, бір жылау” (6,86). Яғни, Ғазиза үшін тап қазір өлімнен қашатын жол қалмаған. Осы ойға бекіген ол басы ауған жаққа қаңғып кетпейді, ол өлілердің мекені молаға беттейді. Шын еркіндік сол жақта тғрізді.

Мұндайлық ойдың М.Әуезов творчествосындағы тағы бір көрінісі – “Жетім” әңгімесі. “Түнде кездесетін жын-шайтандар, қара түндей жалмауыздар – сау адамды қағып кететін перілер. Бұлардың талай рет түн жүргіншілерін шошытқан, жындандырған, көзіне көрініп елестеген әңгімелер кішкентай Қасымның көңіліне әбден қонып, онсыз да науқасты әлсіз қиялында мықты орын алып қалған. Қазіргі уақытта қараңғы түннің қара желі қатайып, түн түсі суи бастаған сайын, Қасымның жүрегі қалтырап, шошынып, елеңдеп келе жатты” (6,217-218).

Қасымның дүние қабылдау процесін суреткер осылай береді. Әділетсіздіктен тауаны шағылып, мынау ғлемдегі қорлыққа төзбей жан ұшыра безіп келе жатқан жетім бала – Қасым да осы түнерген түнектің ортасында, одан қарманып шығуға қауқарсыз күйінде өлімге ұшырайды. Жазушы трагедиялық ситуацияға сғйкес ахуал қалыптастырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Коссак Е. Экзистенциализм в философии и литературе: Пер. с польск. - Москва:Политиздат, 1980. –С.360.
  2. Хайдеггер М. Время и бытие: Статьи и выступления: пер. с немецск. -Москва:Республика, 1993. –С.447.
  3. Сахарова Т.А. От философии существования к структурализму. -Москва:Наука, 1974. -С394.
  4. Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начала ХХ века и современность).

-Алматы:Ғылым,1998. –С.394.

  1. Аманшаев Е. Жалғандағы жалғыздық. //Уақыт жғне қаламгер: Әдеби-сын мақалалар. -Алматы:Жазушы, 1990. -Б. 89-107.

6.Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Т.1: Ғңгімелер. - Алматы:Жазушы,1979. –Б. 456


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар