Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Алтын жебе» бәйгесінің қорытындысы...

24.10.2019 3933

«Алтын жебе» бәйгесінің қорытындысы 12+

«Алтын жебе» бәйгесінің қорытындысы - adebiportal.kz

Ақтөбе қаласынан шығатын «Адырна» республикалық әдеби-көркем, көпшілік журналы жариялаған «Алтын жебе» әдеби бәйгесінің қорытындысы шығарылды. Бәйгеге бір жылдан астам мерзім ішінде 147 автордан 205 қолжазба түсті. Олардың ең таңдаулы, лайықты деп танылғандары «Адырна» журналында жарияланып келеді.

«Адырна» редакциясы түскен қолжазбаларды саралай келіп, шешім шығарды:

1.Бәйгеге түскен шығармалардың деңгейін ескере келіп, екі миллион теңгелік бас жүлде ешкімге берілмейді, есесіне екі шығармаға бірінші орын (әрқайсысы бір миллион теңге) беріледі, ынталандыру сыйлықтарының саны — алтау (бұрын үшеу) болып белгіленеді.

2. «Алтын жебе» бәйгесі жыл сайын жарияланып, бұрынғы ереже бойынша өткізіліп отырады.

3. «Алтын жебе» бәйгесінің жүлдегерлері болып мына авторлар танылды:

Бірінші орын — 1,0 (бір) миллион теңге.

1.Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ. «Сайтанның сайран салуы» ( поэма), «Адамзаттың ең алғашқы ақыны», «Антипоэзия» (поэтикалық эсселер). Қарағанды.

2.Мақсат МӘЛІК. «Аспалы кереует», «Барсик» (әңгімелер). Тараз.

Екінші орын — 500 000 (бес жүз мың) теңге.

1.Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ. ( өлеңдер топтамасы). Астана.

2.Бекен ЫБЫРАЙЫМОВ. «Адамның мемлекетке айналуы», (сын мақала). Алматы.

Үшінші орын — 300 000 (үш жүз) мың теңге.

1.Асылбек ИХСАН. «Шәуішке шағылысқан күн сәулесі», (хикаят). Алматы.

2.Жадыра ШАМҰРАТОВА. «Бейуақта ашылған құпия», «Сарымсақ қосылған ұлу еті», (әңгімелер). Астана.

3.Мархабат БАЙҒҰТОВ. «Хұсни ханымның хроникасы», (хикаят). Шымкент.

Ынталандыру сыйлықтары — 100 000 (жүз мың) теңге.

1.Мирас АСАН, Жадыра БАЙБҰЛАНОВА. (өлеңдер топтамасы). Астана.

2. Қанағат ӘБІЛХАЙЫР. «Қайыршының миллиардер досы», (хикаят). Алматы.

3.Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ. «Жалғыз», (сыни мақала). Алматы.

4.Серік НҰҒЫМАН. «Қиян», (хикаят). Алматы.

5.Заман ТӨЛЕУОВ. «Қызылауыздың қарғысы», (хикаят). Алматы.

6. Айгүл КЕМЕЛБАЕВА «Тырналар», «Ханымбике» (әңгімелер). Астана.

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ,

«Адырна» журналының бас редакторы.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар