Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

12.05.2015 671

Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

                                       5094e52f12c7e8f002137c9a24e705fc_XL.jpg



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу.

Байқау 2 кезеңнен тұрады: облыстық (қалалық) іріктеу байқаулары сәуір–тамыз айларында әр облыс орталығында және  Астана, Алматы қалаларында; республикалық байқау ХVІІ Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында қыркүйек айында өтеді.
Байқауға 16-22 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.

Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ мектеп мұғалімдері байқауға жіберілмейді.


Байқау мынадай тапсырмалардан  тұрады:


– прозалық шығармадан үзінді оқу;

– драмалық шығармадан үзінді оқу;

– мәнерлеп өлең оқу.


Байқауда Оралхан Бөкейдің және басқа да қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез келген көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқуға болады.


Байқау шарттары:


– мәтінді оқу уақыты 2-3 минуттан аспауы керек;


– дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;


– белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға болмайды;


– талапкерлер мәтіндерді жатқа білулері қажет.


Республикалық байқауға облыстық, Астана және Алматы қалалық байқаулардың жеңімпаздары (бір-бірден) қатысады. Оларға жергілікті тіл басқармалары жолдама береді.

Республикалық байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:көркем  мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына; көркем мәтінді таңдау талғамына; сахнада өзін-өзі ұстауына; сахналық киім сәніне баса назар аударады.

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика  салаларының  ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады.  Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады.

Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасы  шығарған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мекен-жайымыз: Астана қаласы,  Орынбор көшесі 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті.

Байланыс телефондары: 8(7172) 74-05-01, 74-05-02.

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар