Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
«Майдангер партизан» кітабының тұсаукесері өтті

05.05.2015 316

«Майдангер партизан» кітабының тұсаукесері өтті

DSC_2626.JPG
Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі журналист Баян Мұхамбетәлиевтің «Майдангер партизан» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Автор кітабында белорус жеріндегі неміс басқыншыларына қарсы күреске зор үлес қосқан ержүрек қаһарман Рахметолла Егізбаевтың жауынгерлік жолы туралы баяндайды. Соғыс сарбазының бейбіт кезеңдегі өнегелі істері жайлы әңгімелері, қызметтес әріптестері, достары мен туыстарының үлгі тұтарлық естеліктері шығармаға арқау болған.    

Тұсаукесерге ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аймақтық-ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серік Егізбаев; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов, белгілі журналист Сайлау Абылаев; «Бүркіт» журналы мен «Қалқан» газетінің бұрынғы редакторы, әскери журналист Сәдуақас Жұбатов қатысты.  

Кітап келесідей екі бөлімнен тұрады: «Дәйекке негіз деректер» мен «Өнеге толы естеліктері». Бірінші бөлімде Беларус Ұлттық мұрағатына жинақталған партизандық қозғалыстар туралы мәліметтер келтірілген, алайда кітап қаһарманы да, оның майдандас серіктері де әлдеқашан бақилық болды. Сонымен бірге, Р. Егізбаевқа қатысты құжаттармен қатар құрамында отандас жерлесіміз «Чекист» бригадасы отрядының ерлік істері бейнеленген материалдар да енген. Екінші бөлім майдангер партизанның туған елге 1947 жылы оралғаннан кейінгі бейбіт өмірі естеліктер түрінде өрілген.    

Кітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп отыр. Жаңа туындыны жазушы-публицист Шаймұрат Тынымбаев орыс тіліне тәржімалаған.  
Кітап гитлер басқыншыларына қарсы күрестегі жауынгерлер жолына өлшеусіз үлес қосқан қазақстандық қаһармандықтың айқын дәлелі болып саналады. Көпшілік оқырман қауымға арналады.  
Бұл – Баян Мұхамбетәлиевтің тұңғыш кітабы. Өткен жылы автордың жетекшілігімен «Қазақстан Орал» телеарнасының 50 жылдығына байланысты «Ақжайықтың айнасы» атты жинағы баспа бетін көрген болатын. 


                    DSC_2569.JPG

                    DSC_2576.JPG

                    DSC_2613.JPG

                    DSC_2665.JPG

                    DSC_2698.JPG 

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар