Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Тәуелсіздік ұраным, ана тілім тұмарым» атты эссе ...

15.09.2021 5645

«Тәуелсіздік ұраным, ана тілім тұмарым» атты эссе және өлең байқауы 12+

«Тәуелсіздік ұраным, ана тілім тұмарым» атты эссе және өлең байқауы - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен Интернаттан кейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдауға арналған іс-шаралар кешені» жобасы аясында, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының ұйымдастыруымен, жасөспірімдер мен жастар арасында эссе және өлең байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты:

• Тәуелсіз Қазақ елінің ғаламдық өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын шығармаға арқау ету, насихаттау;

• Жас қаламгерлер арасынан тың талантттарды анықтау;

• Қазақтың ұлттық әдебиетінің ізін жалғайтын өскелең ұрпақтың шығармашылық өнеріне қолдау көрсету;

•Ғасырлар бойы бабалар арманы болған егемендік пен еркіндікке жеткен бүгінгі жас, тәуелсіз еліміздің іргетасын одан әрі бекемдеу, қазақ тілінің мәртебесін асыру бүгінгі жас ұрпақтың қасиетті парызы екенін тереңірек ұғындыру.

•Ел ертеңі саналатын жастар мен жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімдерін оятып, бейбітшілік пен берекелі өмірдің мәні мен маңызын эссе тілінде сөйлетіп, өлең тілінде асқақтату.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

– Байқауға 14 жастан бастап 29 жасқа дейінгі интернаттан кейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жастар қатыса алады.

– Тәуелсіздік тақырыбында 1 эссе немесе 2 өлең қабылданады. (Бірінші өлең – Тәуелсіз қазақ елін тақырыптық өзек етуі керек. Екінші өлең – еркін тақырып).

– Шығарма көлемі 3 беттен аспау тиіс (Times New Roman, 14 кегль).

– Шығармалардың тақырыптық, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесіне баса назар аударылады.

– Жатқа оқу міндетті емес.

• Байқауға ұсынылатын шығармалар қатысушы толтырған өтініммен бірге (№1 қосымша) 2021 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 15 қазанға дейін qushaq.kz@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

• Байқау қорытындысы 2021 жылдың 20 қазанында жарияланады.

• Қабылданған шығармалар qushaq.kz сайтына жарияланады.

Байқауға өтінім беру формасы:

1.

Аты:

2.

Тегі:

3.

Әкесінің аты:

4.

Қай балалар үйінде тәрбиелендіңіз (тәрбиеленудесіз):

5.

Оқу орны:

6.

Жұмыс орны:

7.

Туған күні, айы, жылы:

8.

Байланыс телефоны:

9.

Электронды поштасы:

10.

Ұсынылатын жұмыс (эссе немесе өлең) тақырыбы:

Ескерту: барлық жолдар толтырылуға міндетті

Байқаудың жүлдегерлері үшін:

І орын – екеу (эссе және өлең)

ІІ орын – төртеу

ІІІ орын – алтау қарастырылған.

Сонымен қатар, жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары:

+77472771672

+77016283570


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар