Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Көшпенділер» – жыл кітабы

19.02.2015 614

«Көшпенділер» – жыл кітабы

45.jpg
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша ұйымдастыру комиссиясының отырысында жыл кітабы болып Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды.
Аталған шараға қатысқан ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, жазушы, парламент сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің басқарма басшысы Базарбай Алтаев, ақын,  Жазушылар Одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Несіпбек Айтұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай және басқа да қоғам қайраткерлері бірауыздан «Көшпенділерді» таңдап, дауыс берді.
Айта кетейік, акция аясында Ұлттық академиялық кітапханасындағы, облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалардағы, Астана қаласындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі, сондай-ақ, елордадағы білім беру мекемелеріндегі дауыс беру қорытындысы бойынша 2015 жылғы таңдауға мынадай кітаптар ұсынылған болатын:
Ілия Есенберлиннің «Көшпенділер» романы; Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» шығармалары; Қадыр Мырза-Әлидің шығармалары; Мұхтар Мағауиннің «Қазақ тарихының әліппесі», «Бір атаның балалары», «Аласапыран» тарихи романы; Жұмекен Нәжімеденовтің «Ақ шағыл», «Даңқ пен дақпырт», «Кішкентай» шығармалары; Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы; Тұманбай Молдағалиевтің «Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы; Абайдың өлеңдері; Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала», әңгімесі; Төлен Әбдіктің «Тұғыр мен ғұмыр» хикаяты, «Парасат майданы» повесі.
«Көшпенділер» трилогиясы эпикалық құлаш-қарымымен‚ оқиғалардың серпінділігімен‚ қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғалардың бейнесімен‚ тілінің шынайлығымен және айқындылығымен ерекшеленеді.
Енді бір жыл бойы аталған роман еліміздің барлық кітапханалары мен мектептерінде дәріптеліп, оқырман қауымға кеңінен насихатталатын болады.

                                       475.png
                                       146.png

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар