Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Қытайда «Ақсай» қазақ әдебиеті сыйлығы табысталды

04.02.2015 248

Қытайда «Ақсай» қазақ әдебиеті сыйлығы табысталды

«Ақсай» қазақ әдебиеті сыйлығы ­– Қытай (Жүңгө) аз ұлттар жазушылар қоғамы мен Гуанчжоу өлкесі Ақсай қазақ автономялық аудандық халық үкіметі және ұлттар әдебиеті журналдар мекемесі бірілесіп тағайындаған ең жоғары дәрежедегі әдеби сыйлық болып саналады.

Ерлан Нұрдыханұлы.jpg

Ақсай қазақ автономялық ауданы Қытайдағы үш қазақ автономиялы ауданының бірі. «Ақсай» қазақ әдебиеті сыйлығы 4 аталым бойынша тапсырылды. Олар: «Арыс», «Дарын»,«Алтын көпір», «Тың тебін». Қытайда ғұмыр кешіп, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып жүрген, талантты ақын - Ерлан Нұрдықанұлы «Көлеңке көзіндегі елес» атты кітабы үшін «Ақсай» қазақ әдебиеті бас жүлдесі «Арыс» сыйлығының иегері атанып, 120 мың юань көлемінде ақшалай сыйлық алды. Ал Әкбәр Мәжитұлы «Әкбәр мәжит ұлы әңгімелерінен таңдамалар» (Қытай тілінде) жинағы, Жұмабай Біләлұлының «Өлместің күнін бер» пөвестер жинағы, Құмарбек Жуанғанұлының «Ұйқы қашқан ұзақ түн» пөвесі, Әпетәй Мұқарапұлының «Киелі көш» тарихи ессесі «Ақсай» қазақ әдебиетім «Дарын» сыйлығын (сыйлық сомасы 30 мың юань) , Кәкеш Қайыржанұлының «Жәудір шалғам» аударма повесті, Айнұр Мәулітқызының «Таңжарықтың өлеңдер жинағы» аудармасы «Ақсай» қазақ әдебиеті «Алтын көпір» сыйлығын алды (сыйлық сомасы 30 мың юань). Айдос Амантай ұлының «Айдос – Шолпан» (қытай тілінде) романы, Қажыбек Айдарқанұлының «Тобылғы торы сәулелер» толптама өлеңдері «Ақсай» қазақ әдебиеті «Тың тебін»сыйлығын жеңіп алды(сыйлық сомасы 30 мың юань).

Алтайдың арғы бетінде атажұрттан жырақ жүрсе де, ұлт мадениеті мен әдебиетіне үлкен үлес қосып жүрген ағайындарымызға шығармашылық табыс тілейміз.


Көгедай Шәмерханұлы


«Көлеңке көзіндегі елес» атты кітабы үшін «Ақсай» қазақ әдебиеті «Арыс» сыйлығының иегері атанған Ерлан Нұрдыханұлының өз оқуындағы өлеңдер.

Ерлан Нұрдыханұлы. "Мұзға орап қойсаң да, сөнбеймін, Көнбеймін рухымды жоюға!






Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар