Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Мұқағали Мақатаев атындағы ақындар байқауының ережесі

16.01.2015 3897

Мұқағали Мақатаев атындағы ақындар байқауының ережесі

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы ақиық ақын М. Мақатаевтың мұрасын насихаттау, ұлы ақынның шығармалары арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас таланттарды, ақындарды тану, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты жас ақындардың қалалық байқауын өткізеді.

                                                                  mk.jpg

Байқау екі кезеңнен тұрады:

- байқаудың іріктеу кезеңі үстіміздегі жылдың 17 ақпанында өтеді;
- республикалық байқау шілде айында өткізіледі /нақты  уақыты, өтетін жері  қосымша хабарланады.

Байқауға 20-30 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Байқау 3 тапсырма бойынша өткізіледі: 

І.  «Поэзия, менімен егіз бе едің?!»
Қатысушының М. Мақатаевқа арнаған өлеңі. Бұл туынды ақынның поэзияда алатын орнын, айрықша ақындық «менін», суреткерлік бейнесін, қаламгерлік шеберлігін таныта аларлық шығарма болуы шарт.  Өлеңнің идеялық мазмұны терең және көркемдік деңгейі жоғары болуы тиіс.

ІІ.  «... Ал,  екінші бақытым – тілім менің»
Қатысушының тіл тақырыбына арналған өлеңі. Ана тіліміздің баға жетпес байлығы, сөз құдіреті, сонымен бірге бабалардан қалған асыл қазынамыз және мемлекеттің басты тілі екендігі көрініс табуы тиіс. 

ІІІ. «Болашағым, сен тұрсаң мен өлмеспін!»
- «Күнделік жаз, жарқыным!»
Ақынның күнделігінен сыр шерту, ой толғау.
- «Есіңе мені алғайсың».
Ақынның өлеңіне жазылған ән орындау. Қатысушының қалауымен 3-ші тапсырманың тек біреуі ғана орындалуы тиіс. 
Әр тапсырма жатқа және шығарманың мазмұнын терең жеткізетіндей мәнерлі орындалуы шарт. Оқылатын шығармалар көлемі 2-3 минуттан аспауы керек; 

Байқау шарттары:

Қатысушы талапкерлерден төмендегі құжаттар қабылданады:
- байқауға қатысуға өтініші, қатысушы туралы мәлімет (туған жылы, қызметі немесе оқу орны, анықтама телефоны);
- шығармашылық өмірбаяны, бұрын жарияланбаған өлеңдерінің электронды нұсқасы;                        
- жеке куәлігінің көшірмесі;
 Қатысушылардың өлеңдерін қазылар алқасы сараптайды, талапқа сай емес өлеңдер байқауға жіберілмейді;

Ескерту: 
Үміткерлердің өнерін бағалау кезінде қазылар алқасы: 
- сөз қолданысына, ұйқасына, ой жүйелілігі мен тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне;
- шығармаларын жатқа және мәнерлеп оқу шеберлігіне;
- тіл тазалығына, сахна мәдениеті мен киіміне баса назар аударады.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. І орын иегеріне республикалық байқауға жолдама беріледі. 
Байқауға қатысушы үміткер жоғарыда көрсетілген құжаттарды, өлеңдерді (қағаз және электронды нұсқасы) 2015 жылғы 13 ақпанға дейін төмендегі мекен-жайға тапсыруы тиіс:

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы (Бейбітшілік к-сі, 11 үй, 628 каб). 
Байланыс телефондары: 55-67-26, 55-72-86 ф.
E-mail: g.elembaeva@uya.astana.kz

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар