Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Көлеңкесіз жолаушы» көрерменмен қауышты

11.12.2014 618

«Көлеңкесіз жолаушы» көрерменмен қауышты

Кеше 10 желтоқсан күні Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жазушы, драматург Рақымжан Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» пьесасының желісі бойынша сахналанған «Көлеңкесіз жолаушы» атты драманың премьерасы өтті. Спектакль Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен театрсүйер қауымға тегін ұсынылды. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязов. Спектакльдің бас кейіпкерлерін  – ҚР халық әртісі Т.Мейрамов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж.Мейрамова, М.Омар, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Б.Молдабаев, А.Нөгербек, Қ.Қыстықбаев, А.Карпсейітова, Ж.Ерболат, Ж.Оспанов, А.Серкебаевалар сомдады. 
Қарымды қаламгер тұңғыш рет сахналанып отырған «Көлеңкесіз жолаушы» драмасында бүгінгі заманның індеті – нашақорлық кеселінің үмітсіздікке ұшыратар қасіретін ашып көрсетуді мақсат еткен.
Қарапайым отбасының жалғыз ұлы Жалғас нашақорлыққа қалай тап болды? Қоғамымызды құрт ауруындай жайлап келе жатқан нашақорлық деген дерттен қалай құтыламыз?.. Бүкіл адамзат баласына төніп тұрған қауіптен ұлтымыздың болашағы жас ұрпақты қалай аман алып қаламыз?.. Міне, осы сұрақтарға қойылым барысында нақты жауап таба аласыз. «Көлеңкесіз жолаушы» қойылымы көрермендерге бүгін 11 желтоқсан күні сағат 18:30-да Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында қайта ұсынылады. 

               Фото Жексенбеков_MG_1972 (7).JPG
               Фото Жексенбеков_MG_1972 (2).jpg
               Фото Жексенбеков_MG_1972 (29).JPG
               Фото Жексенбеков_MG_1972 (28).jpg
               Фото Жексенбеков_MG_1972 (36).jpg
               Фото Жексенбеков_MG_1972 (37).jpg
               Фото Жексенбеков_MG_1972 (45).JPG

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар