Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Адамзаттың ардақтысы – Пайғамбарым Мұхаммед» республикалық әдеби байқауының ережесі

09.12.2014 486

«Адамзаттың ардақтысы – Пайғамбарым Мұхаммед» республикалық әдеби байқауының ережесі

«Адамзаттың ардақтысы – Пайғамбарым» атты байқау (ары қарай – Байқау) ашық Республикалық байқау болып саналады.
Байқау туралы ақпарат www.ummet.kz сайтында (Бұдан ары – Сайт) 2014 жылдың қыркүйек айының 15-ші жұлдызынан бастап жарияланады.
Жеңімпаздарға сыйлықтар мен жүлделерді тағайындауды байқаудың комиссия мүшелері шешеді және жеңімпаздар үшін жүлделер мен сыйлықтар қалалық Мәуліт мерекесі қарсаңында тапсырылады.
 
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

1.Әлемдік тарихта өшпес  із қалдырған, күллі әлем үшін рахмет болып жіберілген, екі дүние Сардары, адамзаттың Асыл Тәжі – Мұхаммед (ғ.с.) Пайғамбардың ғибратқа толы өмірін, көркем ахлағын өскелең ұрпақ арасында насихаттау;
2.Жалпы адами құндылықтарды, гуманизмді және толеранттылықты насихаттау;
2.Талантты жас дарындарды анықтау, жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалануларына көмектесу.
 
Байқауға қатысу талаптары:

1.Республикалық байқауға еліміздегі барлық студенттер мен мектеп оқушылары қатыса алады;
2.Байқауға қатысу ерікті түрде жүргізіледі және байқауға қатысушылардың саны шектелмеген;
3.Байқауға қатысатын шығарма «Екі дүние сардары, адамзаттың Асыл Тәжі – Мұхаммед Пайғамбар өмірі – біз үшін өнеге» атты қағида аясында мына тақырыптардың біреуіне жазылуы керек:
- «Мұхаммед (ғ.с.) Пайғамбар – жетімдер қамқоршысы»;
- «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»;
- «Көрші ақысы – Тәңір ақысы».

Дара бір қатысушы байқауға бір ғана шығарма ұсына алады;
Байқауға қатысу арнайы мәтіндегі толтырылған тапсырыс-анкетасын және жазылған шығарманы ummet-kz@mail.ru атты электронды поштаға жіберумен іске асады;
Байқауға мәтіні күмәнді болған, ұлтаралық және дінаралық қатынастарға сыза түсіретін, адам құқықтарын таптайтын, ҚР Заңдарына қарсы келетін шығармалар қатыстырылмайды және  қарастырылмайды;
Байқауға сондай-ақ авторы белгісіз болған немесе 2-3 адамнан құралған топтық жұмыстар қатыстырылмайды.;
Байқауға ұсынылған материалдар адағы уақытта ҚМДБ-ның кез-келген БАҚ ресурстары арқылы жарияланып, қажет жағдайда редакцияланып, өңделеді.
 
Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар:

1.Байқауға шығарма жіберген адам сол шығарманың авторы болуы керек;
2.Шығарма арнайы байқауға арналып жазылған және бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек;
3.Байқауға жіберілген шығармалар қазақ немесе орыс тілінде болуы керек;
4.Ұсынылған қағида аясында тақырыпқа сай болу;
5.Шығарма көлемі 3 беттен кем болмау және 7 беттен аспау;

Байқауға жолданған шығарма төмендегі талаптарға сай болу керек:

- Word форматында, Times New Roman әріп таспасында, әріп көлемі 12 пункт;
-  Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін шығармалар ұйымдастыру комитетінде қаралмайды.
 
Байқауды өткізу тәртібі:

Байқауды өткізу екі  кезеңде  іске асырылады:

І кезең (15 қыркүйек – 25 желтоқсан аралығы): байқауға қатысушыларды тіркеу, шығармаларды қабылдау, іріктеу турынан өткен шығармаларды Сайтқа көрермендер назарына ұсыну, онлайн режимінде көрермендер тарапынан дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтау;
ІІ кезең (25-30 желтоқсан): Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінwww.ummet.kzсайтында жариялау.
 
Байқаудың жүлделері:

Байқау қорытындысы бойынша қазақ тілі және орыс тілінде жіберілген шығармалар жеңімпаздарының жүлделері:
-         Бас жүлде - Ұмра қажылы;
-         1-ші орынға – Samsung Galaxy S5;
-         2-ші орынға – Samsung Galaxy S3;
-         3-ші орынға – 50 000 теңге (Екі адамға)

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар