Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Тәуелсіздік – ұраным, таусылмайтын жыр-әнім!» жас ақындар байқауының ережесі

08.12.2014 1105

«Тәуелсіздік – ұраным, таусылмайтын жыр-әнім!» жас ақындар байқауының ережесі

88266381.jpgАстана қаласы Білім басқармасының Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінің «Марғұлан тағылымы» клубы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіздік – ұраным, таусылмайтын жыр-әнім!» атты қалалық жас ақындар байқауын өткізеді. Байқаудың ақпараттық демеушісі – «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет-жобасы.

Байқаудың мақсаты:

• Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын жырға қосу, насихаттау;
• Қаламгерлер ортасын қалыптастыру;
• Ұлттық поэзия ізін жалғар өскелең ұрпақтың шығармашылық өнеріне қолдау көрсету;

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

– Байқауға 2 өлең қабылданады. 
– Өлең көлеміне шектеу қойылмайды.
– Бірінші өлең – Тәуелсіз қазақ елін тақырыптық өзек етуі керек.
– Екінші өлең – еркін тақырып.
– Байқауға 7-11 сыныптар қатысады.
– Өлеңдердің тақырыптық, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесіне баса назар аударылады.
– Жатқа оқу міндетті емес.
– Сахна, киім мәдениетіне де көңіл бөлінеді.

Өлеңдер мен сұраныстар astana_oner.kz@mail.ru электронды поштасында қабылданады.

Байқаудың ұйымдастырылу тәртібі:

• Келіп түскен өлеңдерді зерделеу және жеңімпаздарды анықтау мақсатында халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері, «Әдебиет порталы» интернет-жобасының жетекшісі, ақын Бауыржан Қарағызұлы, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері, «ТӘЖ» клубының жетекшісі, ақын Ерлан Жүніс, Білім және мәдениет телеканалының тілші-жүргізушісі Бауыржан Қызырханұлы, педагог-ақын Бекмұрат Өмірбек қазылық етеді. 

• Байқауға ұсынылатын шығармалар 2014 жылдың 11 желтоқсанға дейін Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде қабылданады. 
• Байқау 2014 жылдың 13 желтоқсанында сағат 10.00-де өтеді. Тіркелу уақыты 9.30-ға дейін.
• Жеңімпаздардың өлеңдері «Әдебиет порталында» жарияланады. 
• Оқушының өмір қауіпсіздігіне жетекші мұғалім жауапты.

Байқаудың жүлде қоры:

Бас жүлде - біреу
І орын – біреу
ІІ орын – екеу
ІІІ орын – үшеу
Ынталандыру және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары: 87751669466; 87079963606; 87079963609 Бекмұрат Өмірбек.


adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар