Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ұлықбек Есдәулет дәрісі» әдеби кеші өтеді

26.11.2014 1777

«Ұлықбек Есдәулет дәрісі» әдеби кеші өтеді

jp.jpgҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының 10 жылдық мерейтойына байланысты «Елбасы және ұлттың рухани жаңғыруы» тақырыбымен өткізелетін халықаралық форумының аясында «Қазіргі қазақ поэзиясы және жастар. Ұлықбек Есдәулет дәрісі» атты ашық әңгіме форматындағы әдеби кездесу кеші өтеді.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Алтын Есенин» медалінің кавалері, жастардың сүйікті ақыны, ұстаз ақын Ұлықбек Есдәулет қазіргі дүние және қазақ поэзиясының даму барысы жайлы өз ойларымен бөліседі. Біз бұған дейін жариялағанымыздай Ақынның түрік тілінде "Siirler" ("Жырлар") деген атпен Анкара қаласындағы "BENGU" баспасынан жыр жинағы жарық көрген болатын. Әдеби кеш барысында ақын Түркияда, Қырғызстанда, Моңғолияда, Ресейде жарық көрген жаңа жыр кітаптарымен таныстырады. 
Кездесу 29 қараша күні сағат 17.00-де Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді. Барша әдебиет сүйер қауымды талантты ақынның тамаша кешіне шақырамыз. 





adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар