Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Әшірбек Сығай Фариза Оңғарсынова атындағы интернет-байқауға шақырады

25.11.2014 1289

Әшірбек Сығай Фариза Оңғарсынова атындағы интернет-байқауға шақырады

«Әдебиет порталы» қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы – Фариза Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І республикалық интернет-байқауын өткізетіні туралы бұған дейін хабарлағанымыздай байқауға аудио-видео шығармалар қабылдау жалғасуда. Халықтың жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін жастар арасында насихаттау, қазақ әдебиетін интернет арқылы дамыту, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында өткізілетін әдеби байқаудың коммиссия мүшелерімен таныс болыңыздар:

Әшірбек Сығай – өнертанушы, театр сыншысы,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Оңайгүл Тұржан – ақын, филология ғылымдарының кандидаты
Жанат Әскербекқызы – ақын, филология ғылымдарының докторы
Қалқаман Сарин, ақын, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері
Ақберен Елгезек – ақын, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері
Ерлан Жүніс – ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері, «ТӘЖ» әдеби-интеллектуалды клубының жетекшісі
Бауыржан Қарағызұлы – ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері, «Әдебиет порталы» интернет-жобасының жетекшісі

Назарларыңызға өнертанушы, театр сыншысы,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшірбек Сығайдың қазақтың талантты ақыны Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы туралы және ақын атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І республикалық интернет-байқауына қатысушыларға арнаған пікірін ұсынамыз.

                  

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар