Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Фариза Оңғарсынова атындағы І республикалық интернет-байқауы

20.11.2014 679

Фариза Оңғарсынова атындағы І республикалық интернет-байқауы


                                              загруженное.jpg

«Әдебиет порталы» қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы – Фариза Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І республикалық интернет-байқауын өткізеді. Поэзия падишасының халықтың жүрегінен орын алған өлеңдерін жастар арасында насихаттау, қазақ әдебиетін интернет арқылы дамыту, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында ұйымдастырылған республикалық байқауға қатысушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін аудио (MP3) немесе видео (AVI, MP4) нұсқасында өзі оқыу арқылы қатыса алады. Ұсынатын жұмыстары екі тілде қабылданады (қазақ немесе орыс тілдерінде). Әдеби байқауға жұмыстар аудио (MP3) немесе видео (AVI, MP4) әуесқой немесе кәсіби нұсқада қабылданады. Республикалық интернет-байқауының ережесі мен комиссия мүшелерімен толығырақ мына жерден таныса аласыздар.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар