Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Ақын Ақұштап Бақтыгереевамен кездесу кеші өтті

14.11.2014 983

Ақын Ақұштап Бақтыгереевамен кездесу кеші өтті


7.JPG«Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Құрмет орденінің иегері Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жасқа толған мерейтойы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Даламның қарлығаштары» атты оқырмандармен кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне елімізге белгілі филология ғылымдарының докторы Ишанова Әсима, филология ғылымының кандидаты Ұлдай Ержанова, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Халықаралық экономика және менеджмент докторы Нәзікен Алпамысқызы, жазушы, әдебиеттанушы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбаева, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершу және ақынның сүйікті оқырмандары, студенттер қатысты.

Ақұштап Бақтыгерееваның есімі елімізге лирикалық жырлардың, өткір публистикалық мақалалардың авторы ретінде белгілі. Өзінің поэтикалық, публистикалық шығармашылығы арқылы ақын жеке ой-пікірін айтып үлгерді. Айталық, Қазақстанның мәдени қазынасы, тарих, мәдениет және өнер қайраткерлері қатарындағы ұмыт қалған есімдерді қайта ояту, ана тіліміздің тағдыры, сынақ айлағымен көршілес күн кешіп жатқан азаматтардың басындағы трагедия, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, сонымен қатар әлбетте, ауыл, Ақжайық аймағындағы жерлестері туралы еді.

3.JPG

2.JPG

1.JPG

5.JPG

4.JPG

_MG_4699.JPG

9.JPG

8.JPG

6.JPG

_MG_4635.JPG

_MG_4624.JPG

_MG_4629.JPG

_MG_4632.JPG

_MG_4603.JPG

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар