Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жолдауды қолдау қажет

14.11.2014 1564

Жолдауды қолдау қажет

Галия.jpgШаудырбаева Ғалия Өзбекбайқызы,

Қазақстан ұлттық арнасы, «Таңшолпан» бағдарламасының продюсері


Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміз өркендеп, жылдан жылға көркейіп келеді. Ертегідей көз ілеспес жылдамдықпен Сарыарқа төсінен бой көтерген Астана қаласы бұл таңда Тәуелсіздігіміздің арқауына айналғандай. Мұнда жыл сайын қаншама түйткілді мәселелердің түйіні шешіледі. Халық игілігі үшін атқарылатын міндеттердің тұсауы да бас қалада кесіліп, республика көлеміне тарайды. Елбасының «Нұрлы жол болашаққа бастау» атты биылғы Жолдауына көз жүгіртсек, «тарихы жоқ халық» деп аузы үйренген талайдың дымы құритын сияқты. Орта және шағын бизнесті қолдау, банк секторлары жұмысын жандандыру, жаңа инвестициялар тарту арқылы инфрақұрылымды көркейту сияқты кезек күттірмес мәселелерді 2015 жылы Қазақстан халқы бірлесіп атқаруы тиіс. Алда тағы бір үлкен сын тұр «Экспо-2017». Осы сыннан сүрінбей өтіп, мәңгілік ел екендігімізді төрткүл дүниеге танытсақ деген мақсат айқын. Елбасының жастарды баспанамен қамту туралы шешімінің арманшыл жастарды еңбекке жұмылдырып, белсенділігін арттыруға серпін берері сөзсіз.

Саусақ бірікпей ине ілікпейді деген бар. Бірігіп, бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Жолдаудың жүзеге асырылуына атсалысуымыз керек. Сонда ғана дамыған 50 елдің қатарына енеді. Жер бетінде қазақ деген ғажап халық барын әлемге таныту - әрбір қазақстандықтың міндеті деп білемін.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар