Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Елбасы Жолдауының іске асуы аса жауапкершілікті қажет етеді

13.11.2014 1086

Елбасы Жолдауының іске асуы аса жауапкершілікті қажет етеді

Асылы Әлиқызы Осман.jpgАсылы Осман,

Мемлекет және қоғам қайраткері,

«Достық», «Парасат» ордендерінің иегері,

филология ғылымдарының профессоры



«Нұр» сөзінің мағынасы өте кең. Шапағатқа, жылылыққа, мейірімге толы, нұрландырушы, нұр беруші деген мағынаны білдіреді. Яғни, «Нұрлы Жол» осындай жол!


Елбасының 2015 жылға арналған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы халыққа жаңа Жолдауы - Қазақстан үшін өте маңызды. Бұл Жолдау Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік дамуына септігін тигізері сөзсіз. Сол себепті, Елбасымыз Үкімет алдына нақты міндеттерді асыруға байланысты маңызды тапсырмалар қойды. «Су – тіршілік тамыры» демекші, Елбасымыз әсіресе көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріп келеді. Оның бір айғағы ретінде мемлекет басшысының Ұлытау өңіріне сапары аясында «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол магистральдарының тұсауын кескен болатын. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі. Темір жол саласының өркендеуі - көптеген жұмыс орны ашылуы, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсаруы әрі нәпақа табылады деген сөз.

Елбасының келесі жылға арналған «Маңызды өркениетті Нұрлы жолды» салуға негізгі міндеттемелерді қойды. «Нұр» сөзінің мағынасы өте кең. Шапағатқа, жылылыққа, мейірімге толы, нұрландырушы, нұр беруші деген мағынаны білдіреді. Яғни, «Нұрлы Жол» осындай жол! Сондықтан да «Нұр Отан» партиясының негізгі міндеті - ашықтық, тиімділік, жауапкершілік және есепшілдік. Елбасы жолдауының іске асуы тиімділік пен аса жауапкершілікті қажет етеді. Сол себептен алға қойылған мақсаттар жартыкеш орындалмай, толық әрі есепшілдікпен ел мүддесіне орындалу тиіс. Әрине салыстырмалы түрде басқа мемлекеттерден біршама алда келеміз.

Қазақстан әлеуеті жағынан өркендеп, бүкіл елдің Қазақстанның тыныштығынан, достығынан, ынтымағынан үлгі алып отырғанына, қазақ деген ұлттың, қазақ деген елдің, Елбасымыздың кемел саясатының биіктігі деп және мақтанышпен айта аламын!

2015 жыл еліміз үшін берекелі жыл болатынына сенемін. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын және Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілмек.

Жолдауда көрсетілгендей, мемлекет басшысы келесі 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Қазағым енді осы бір дархандығынан, кеңдігінен, пейілінен айырылмаса екен деймін!

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Өмір Шыныбекұлы.jpgӨмір Шыныбекұлы,

тарихшы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі




«2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы»





2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Үкіметтің осы шешімін әсіресе тарихшылар үлкен үміттпен, қуана қарсы алды.

Осы атаулы даталарға мемлекет тарапынан қыруар қаражат бөлінері сөзсіз. Соңғы жылдары осындай тойлар ғылыми-практикалық конференция және ақындар айтысын өткізумен шектеліп жүр. Айтысқа қарсылығымыз жоқ. Дегенмен, ендігі жерде, сол қаражаттың есебінен осы тақырыптарға арналған тарихи зерттеулерге бәйге жарияланса құба құп болар еді. Себебі, тарихымызда ақтаңдақтар әлі жетерлік. Басқасын айтпағанда, аяқталғанына 70-ақ жыл өткен Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен мыңдаған қандастарымыз бар. Бұл тақырыпты негізінен өз қаражатына жанкешті энтузиастар ғана қаузап жүр. «Соғыстың соңғы жауынгері жер қойнына тапсырылмай, соғыс аяқталды деуге болмайды» деп бір данышпан айтқандай, мемлекет тарихқа жітірек көңіл бөлетін кез жетті!

Ескере кететін тағы бір мәселе - мынау тұрған қырғыз ағайындар өз мемлекеттілігін алдыңғы мыңжылдықтан бастап жүр. «Қазақ хандығының 550 жылдығын» бір тойлап алсақ, келесі кезекте «Қазақ мемлекеттілігінің 2400 жылдығын» тойлайтын күнде алыс емес. «Тарих адаспау үшін қажет» дегендей, өз тарихын, түбін білмеген азаматты патриот деп айтуға болмайды.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар