Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Шабыттың» жүлдесіне кім лайық?!

31.10.2014 955

«Шабыттың» жүлдесіне кім лайық?!

Шығармашыл жастардың «Шабытына» санаулы күндер ғана қалды. Осы жылдың 3 қараша күні XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша байқау басталады. Астана қаласы әкімдігі Астана қаласы мәдениет басқармасыны, «Әдебиет порталы» Интернет-жобасының ұйымдастыруымен өктізілетін байқауға 150 ақын талап білдіргенімен қазылар алқасының талқылауынан тек 100 ақын ғана суырылып шықты. Республикамыздың әр өңірінен, Қырғыстан, Моңғолия, Қытайдан келетін ақындардың басын қосатын әдеби мереке жақындаған сайын әрбір қатысушы ақыннан ерекше тебіреніс байқалады. «Әдебиет порталы» конкурсқа қатысушы 150 ақынның өлеңдерін онлайн түрде ашық жариялады. Әр ақынға дауыс беру басталып та кетті. Ең көп дауыс жинаған және ең көп пікір жазылып, жоғары бағаланған шығармаларға қосымша арнайы сыйлықтар да қарастырылған. 
Сонымен халықаралық дода барысында қатысушы ақындардан «Биылғы Шабытта жүлдеге кім деп ойлайсың?» деген сұрақ аясында сауалнама жүргізген едім. Жас ақындардың берген жауабы осы болды:

jp (10).jpg


Батырхан Сәрсенхан: – «Шабыт» шоқтықты көтеретін емес, шығармашылықты шыңдаушы сайыс деп ойлаймын. Кім алса да таласым жоқ, бастысы шынайы дарынның топ жаруы. «Адалдықтың бәйгесіне атыңды қоссаң, озсаң да, озбасаң да олжалысың!»




10487359_263962937133637_497513776152384423_n.jpg

Әлімжан Әлішер: – Негізі кілең мықтылар қатысып жатыр осы жолы. Әрқайсысының өз стилі өз жолы бар. Бөлек шабатындар – Индира Кереева, Наурыз Саршаев, Мөлдір Айтбай, Нұртас Тұрғанбекұлы, Рауан Қабидолдин мен Саян Есжан деп ойлаймын...




jp (7).jpg




Наурыз Саршаев: – Жалпы жүлде бұл жолы Абай Құнанбаевтікі ғой. Мен ешкімді атай алмаймын, әрқайсысы бір Данышпан... 







jp (11).jpg

Айжан Таракқызы: – Алла кімге бұйыртса сол алады ғой, өзім жүлдегерлердің қатарынан Жұлдыз Ілебаева (Бейсекова), Ажар Ерболған, Данияр Әлімқұл, Қуаныш Медеубаевтарды көргім келеді. Олар баяғыдан әдебиетте жүр дегендей... Негізі қатысып жатқандардың көбі мықты! Ал, Гран-приді Индира Керееваға беру керек, біздің жазып жүргеніміз өлең емес, оның көтеріп жүргенінен қарағанда. 


jp (2).jpg


Данияр Әлімқұл: – Өзім ғой...




jp (1).jpg
Олжас Қасым: – Мен өзімді көргім келеді!  Жалпы әр қатысушыларға сәттілік тілеймін. Биылғы байқауға үміткер ретінде тіркелген Бауыржан Игілік, Саян Есжан, Тізімбек, Нұржан Байтөс деген жігіттердің жырлары тамаша! Осы қатысушылардың жұлдызы жоғары жансын! Бастысы, әдебиетке олжа салар ақындар көп болсын!





jp (8).jpg

Дамир Әбенов: – Әділдік болса Бауыржан Игілік екеуіміз аламыз... Бәлкім, мен танымайтын мықтылар да бар шығар, Танитындардың ешқайсысынан қорықпаймын алдыма шығып кетеді деп. Бұл заңдылық болар, әркім өзіне сенімді болғасын додаға қатысқалы  жатыр ғой. Мынау бір өркөкірек екен демеңіз... 



jp (9).jpg


Нұрлан Иса: – Хамит Есаман, Динара Мәлік, Айжан Табаракқызы, Мерген Тоқсанбай, Нұрлан Иса алуы керек...






jp (6).jpg


Ажар Ерболған: – Өткенде осы жайлы "ТӘЖ"-де айттық. Сол кезде мен үш ақынды айтқанмын. Қазір де соларды айтқым келеді. Олар: Айжан Табаракқызы, Хамит Есаман және Өзім...






jp (3).jpg
Шерхан Талап: – Биылғы «Шабыттың» бір ерекшелігі – ашық түрде өтуі. Бұл деген өте жақсы бастама. Ертең жүлдегерлер белгілі болған кезде шу шықпас үшін де керек. Поэзияның биігі – жүлде алу емес. Біздің той – барлық жастар бір жерге жиылып, танысып-табысып, пікірлесіп, дос боп кету. Өлеңде бәсекелестік керек шығар, бірақ ол өмірдегі бақталастыққа ұласып кетпеуі керек. Бәрі айналып келгенде Қазақ поэзиясының ертеңі үшін ғой. Бас жүлдені кім алса да әділ болса диміз. Біз үшін ертең жүлде беру кезінде жершілдік, жікшілдік, рушылық һәм таныс-тамырлық алғы кезекке шықпағыны маңызды. Бұл – менің ғана емес, барлық алматылық ақындардың тілегі. Егер сізге нақты адамдардың есімі қажет болса, соңғы кезде жақсы жазып жүрген Саян Есжан, Асылбек Жаңбырбай секілді ақындар бағалануы қажет деп ойламыз. Әйтпесе жасына, атақ-абыройына қарап орын бере салу оңай ғой. Бәріне уақыт төреші. Көрерміз.



Ал, шын мәнінде жүлдеге кім лайықты?! Оны шындап келгенде шешетін ақынның өлеңі мен оқырманы. Додаға түсіп жатқан ақындардың жырларымен танысып, дауыс бергіңіз келсе мына сілтемеге назар салыңыз.

Хамит Есаман http://adebiportal.kz/khamit-esaman.page/ 
Наурыз Саршаев http://adebiportal.kz/sarshaev-nauryz-ba-yt-ly.page/
Данияр Әлімқұл http://adebiportal.kz/daniyar-l-m-l.page/
Индира Кереева http://adebiportal.kz/indira-kereeva.page/
Нұржан Қадырәлі http://adebiportal.kz/n-rzhan-adyr-l-.page/
Құндыз Жұбаева http://adebiportal.kz/-ndyz-zh-baeva.page/?lang=kz
Асылбек Жаңбырбай http://adebiportal.kz/asylbek-zha-byrbay.page/ 
Тұрсынбек Башар http://adebiportal.kz/t-rsynbek-bashar.page/
Әлімжан Әлішер http://adebiportal.kz/l-mzhan-l-sher.page/
Нұрлан Иса http://adebiportal.kz/n-rlan-isa.page/
Әлия Іңкәрбек  http://adebiportal.kz/liya-k-rbek.page/
Шерхан Талап  http://adebiportal.kz/sherkhan-talap-.page/
Бекзат Смадияр http://adebiportal.kz/bekzat-smadiyar.page/
Дамир Әбенов http://adebiportal.kz/damir-benov.page/
Айбол Исламғалиев http://adebiportal.kz/aybol-islam-aliev.page/
Калича Жакыпова http://adebiportal.kz/kalicha-zhakypova.page/
Табиғат Абаилдаев http://adebiportal.kz/tabi-at-abaildaev.page/
Әріби - Әрібек http://adebiportal.kz/r-bi-r-bek.page/
Жылдызбек Турсунбаев http://adebiportal.kz/zhyldyzbek-tursunbaev.page/
Жұлдыз Ілебаева http://adebiportal.kz/zh-ldyz-lebaeva.page/ 
Нұртас Тұрғанбекұлы http://adebiportal.kz/n-rtas-t-r-anbek-ly.page/ 
Қызырбек Дүргінбайұлы  http://adebiportal.kz/yzyrbek-d-rg-nbay-ly.page/ 
Ұлықбек Тәңірбергенов  http://adebiportal.kz/t-rbergenov-ly-bek.page/ 
Касеинова Махабат http://adebiportal.kz/kaseinova-makhabat.page/ 
Қалимолда Нұргүл  http://adebiportal.kz/alimolda-n-rg-l.page/?lang=kz 
Қуаныш Медеубаев http://adebiportal.kz/medeubaev-uanysh.page/ 
Мерген Тоқсанбай http://adebiportal.kz/mergen-to-sanbay.page/ 
Шұғайып Ақынұлы http://adebiportal.kz/sh-ayyp-a-yn-ly.page/ 
Жандарбек Жұман  http://adebiportal.kz/zhandarbek-zh-man.page/ 
Медет Божан http://adebiportal.kz/bozhan-medet.page/ 
Мөлдір Айтбай    http://adebiportal.kz/m-ld-r-aytbay-.page/
Мақсат Күземхан    http://adebiportal.kz/ma-sat-k-zemkhanov.page/
Айбек Молдабай   http://adebiportal.kz/aybek-moldabay.page/
Жасұлан Серік   http://adebiportal.kz/zhas-lan-ser-k-kenzhebek-ly.page/
Қабиден Қуанышбайұлы  http://adebiportal.kz/abiden-uanyshbay.page/
Айдана Сегізбаева   http://adebiportal.kz/aydana-seg-zbaeva.page/
Нұрдос Кәрім  http://adebiportal.kz/n-rdos-k-r-m.page/
Қайрат Иманбек  http://adebiportal.kz/ayrat-imanbekov.page/
Динара Мәлік   http://adebiportal.kz/dinara-m-l-kova.page/
Жұлдызай Ысқақ   http://adebiportal.kz/ys-a-zh-ldyzay.page/ 
Мерей Қартов http://adebiportal.kz/merey-artov.page/ 
Ершат Қайболдин http://adebiportal.kz/ershat-ayboldin.page/ 
Темірбек Мақсұтқан http://adebiportal.kz/tem-rbek-ma-s-tkhan-.page/
Қайрат Сейітқазин  http://adebiportal.kz/ayrat-sey-t-azin.page/ 
Айжан Табаракқызы http://adebiportal.kz/ayzhan-tabarak-yzy-.page/?lang=kz/ 
Ләззат Мақаш  http://adebiportal.kz/l-zzat-ma-ash-.page/ 
Жарқыннұр Болысхан http://adebiportal.kz/zhar-ynn-r-bolyskhan-.page/
Қажығали Боранбай  http://adebiportal.kz/kazhy-ali-boranbay-.page/ 
Бауыржан Игілік http://adebiportal.kz/bauyrzhan-ig-l-k.page/ 
Марұлан Ақан  http://adebiportal.kz/mar-lan-a-an.page/ 
Мешіт Ғазизұлы  http://adebiportal.kz/mesh-t-aziz-ly.page/?lang=kz/ 
Оразбек Сапархан http://adebiportal.kz/orazbek-saparkhan.page/ 
Айдана Серікқызы http://adebiportal.kz/aydana-ser-k-yzy.page/ 
Олжас Қасым http://adebiportal.kz/olzhas-asym.page/ 
Асылзат Жұмабай http://adebiportal.kz/asylzat-zh-mabay.page/ 
Ризабек Нүсіпбекұлы  http://adebiportal.kz/rizabek-n-s-pbek-ly.page/ 
Мейіржан Әлібеков http://adebiportal.kz/mey-rzhan-l-bekov.page/ 
Мұқағали Сейтқазы http://adebiportal.kz/m-a-ali-seyt-azy.page/ 
Жадыра Байбұланова http://adebiportal.kz/zhadyra-bayb-lanova.page/ 
Ажар Ерболған http://adebiportal.kz/azhar-erbol-an.page/ 
Ернар Қыдырбай http://adebiportal.kz/ernar-ydyrbay.page/ 
Бақытбек Қадырұлы  http://adebiportal.kz/ba-ytbek-adyr-ly.page/ 
Абай Ораз http://adebiportal.kz/abay-oraz-.page/ 
Баубек Бердіжар http://adebiportal.kz/baubek-berd-zhar.page/ 
Аян Мейраш http://adebiportal.kz/ayan-meyrash2.page/ 
Ақмаржан Жорабаева http://adebiportal.kz/zhorabaeva-a-marzhan-.page/ 
Айдын Байыс http://adebiportal.kz/aydyn-bayys.page/ 
Жандос Омаров http://adebiportal.kz/zhandos-omarov.page/ 
Өміртай Еділханұлы http://adebiportal.kz/m-rtay-ed-lkhan-ly.page/ 
Бекмұрат Өмірбек http://adebiportal.kz/bekm-rat-m-rbek.page/ 
Ерболат Мамырайхан  http://adebiportal.kz/erbolat-mamyraykhan.page/ 
Қозыбай Құрман   http://adebiportal.kz/ozybay-rman.page/ 
Қуат Айтқалиев http://adebiportal.kz/ayt-ali-uat.page/ 
Гүлсара Шалқар http://adebiportal.kz/g-lsara-shal-ar.page/ 
Айзада Рақымжанова http://adebiportal.kz/rakhimzhanova-ayzada.page/ 
Жадыра Жұмакүлбаева  http://adebiportal.kz/zh-mak-lbaeva-zhadyra.page/ 
Алия Демейсенова  http://adebiportal.kz/demeysenova-aliya.page/ 
Ануар Дуйсенбинов http://adebiportal.kz/anuar-duysenbinov.page/?lang=ru 
Жекей Дәулетберді   http://adebiportal.kz/d-uletberd-zhekey.page/ 
Қабілет Баделхан   http://adebiportal.kz/ab-let-badelkhan.page/ 
Дархан Өміржан  http://adebiportal.kz/darkhan-m-rzhan-.page/ 
Оспан Дидар http://adebiportal.kz/ospan-didar.page/ 
Жәлел Шалқар  http://adebiportal.kz/shal-ar-zh-lel.page/ 
Жандарбек Жұмағұлов http://adebiportal.kz/zhandarbek-zh-ma-lov.page/ 
Марта Петрова  http://adebiportal.kz/petrova-marta.page/?lang=ru 
Рауан Қабидолдин http://adebiportal.kz/rauan-abidoldin.page/ 
Шолпан Нуртазина http://adebiportal.kz/nurtazina-sholpan-zhanatovna.page/ 
Дина Садиева http://adebiportal.kz/sadieva-dina-valentinovna-.page/ 
Тізімбек Анашұлы http://adebiportal.kz/t-z-mbek-anash-ly.page/ 
Кымбат Бухарбаева  http://adebiportal.kz/bukharbaeva-kymbat.page/ 
Бек Жылқыбаев  http://adebiportal.kz/bek-zhyl-ybaev.page/ 
Саян Есжан http://adebiportal.kz/sayan-eszhan.page/ 
Духтарова Люся http://adebiportal.kz/dukhtarova-lyusya.page/ 
Нұржан Байтөсов  http://adebiportal.kz/bayt-sov-n-rzhan.page/ 
Мұқағали Кенжетайұлы http://adebiportal.kz/m-a-ali-kenzhetay-ly.page/ 
Жандос Аманжолұлы http://adebiportal.kz/zhandos-amanzhol-ly.page/?lang=kz 
Ұлағат Ханзада http://adebiportal.kz/la-at-khanzada.page/ 
Батырхан Сәрсенхан  http://adebiportal.kz/batyrkhan-s-rsenkhan.page /  
Қуанышбек Шарманов http://adebiportal.kz/uanyshbek-sharmanov--.page/ 

_MG_4749.JPGP/S: Жыл сайын «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Ұлттық музыка», «Хореография»,  «Камералық хор» номинациялары бойынша өткізілетін аты дардай Халықаралық байқауда жиі талқылатынатын аталым ол –  «Үздік әдеби шығарма» аталымы. Бәлкім, бұл да болса қазақ әдебиетінің, оның ішінде сөз түсінер саналы ұрпақтың өсіп келе жатқандығын, қара өлеңге деген құрметтің артқандығын аңғартады деп ойлаймын. «Әдебиет порталына» тіркелген әрбір 100 ақынның жүрек сөзін оқи отырып, биылғы «Шабыттың» ерекше өтетінін байқағандай болдым. Ерекшелігі сол, «Менмін, мен лайықтымын» деген жастардың сенімділігі мен ұмтылысы көңіл қуантады. Биылғы «Шабытта» әліне қарай шабатын алуан-алуан жүйріктер бар. Десек те, жылқының бәрі жүйрік емес, адамның бәрі бапкер емес. Жүзден жүйрік атаныңыздар... 

Салтанат Қожа

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар