Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
"Дарын" сыйлығына конкурс жарияланды

26.10.2014 2450

"Дарын" сыйлығына конкурс жарияланды

pero-poeta.jpgҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2014 жылғы 14 қазан және 14 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялайды.

«Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығы (бұдан әрi – Сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтарына жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметтерi үшiн берiледi. Сыйлық талантты қыз-жігіттерді ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
Сыйлық (саны – 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр мен кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.
Сыйлық алу үшін қызметі инновациялық болып табылатын, тиісті саланы және жалпы қоғамды дамытуға ықпал ететін үміткерлер ұсынылады.
Бiр кандидатураны сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бiр кандидатура бiр номинация бойынша сыйлыққа ұсынылады.
Ізденушіге мынадай құжат­тар ұсынылады: ұсынымхат-мінездеме (жетістіктері, мара­паттары және т.б.); ұсыну­шы ұйым­ның шешімі; жеке анкеталық парақша; 2 фотосурет (4х6).
Комиссия ізденушінің қыз­метін сипаттайтын қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
Спектакльдердi, кино және телефильмдердi, бейнелеу өнерi­нiң көрмелерiн қарауды, концерттiк бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауды ұйымдастыру, сыйлыққа ұсынылғандардың қызметімен таныстыру ұсынушы ұйымдармен бiрге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығы жөнiндегi комис­сиясына жүктеледi.
Сыйлық алған адамдарға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты атағы берiлiп, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.
Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады. Марапаттау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгі күнiне орайластырылады.
Ізденушілердің жоғарыда аталған құжаттары 2014 жылғы 14 қазан және 14 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты депар­таментіне мына мекенжай бойынша қабылданады: 
010000, Астана қ., Орын­бор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 504 бөлме, тел.: 74 99 51.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар