Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«ТӘЖ» қаламгерлер клубының тұсаукесер рәсімі өтті

18.09.2014 628

«ТӘЖ» қаламгерлер клубының тұсаукесер рәсімі өтті

2014 жылдың 17 қыркүйек күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан құрылған «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) қаламгерлер клубының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге елордалық қаламгерлермен қатар оқырмандар, кітапхана қызметкерлері бас қосты. Астаналық жастардың көз қуанышына айналып, әдебиетке құштарлығын арттыратын рухани ошақтың жетекшісі, ақын Ерлан Жүніс клубтың мақсаты мен міндеттерімен, алдағы жұмыс жоспарымен, концепциясымен таныстырып өтті.  Мәдениет пен өнердің жанашыры, кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаеваның мұрындық болуымен жұмысын бастаған клубтың мақсаты – қаламгерлер мен оқырмандар арасында алтын көпір болу, жас қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, әдеби-мәдени интеллигенцияның бас қосар орталығына айналу. Кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева «ТӘЖге» сәттілік тілеп, алдағы уақытта клуб мүшелеріне арнап ұлттық кітапханадан арнайы жабдықталған кабинет берілетінін айтып, әрдайым қолдаушы болатынын білдіріп баршамызды бір қуантып тастады.  Әдеби кеште «ТӘЖ» қаламгерлер клубының құрметті мүшелерімен қатар жас толқын қаламгерлер жүрекжарды жырларын, әдебиет туралы ойларын ортаға салды. 

Алдағы уақытта қаламгерлер клубы шығармашылықтың жеті бағыты бойынша жұмыс жасайтын болады:

1. Жас қаламгерлердің шығармашылық кештерін өткізу; 
2. Жас қаламгерлердің кітаптарының тұсаукесерін өткізу; 
3. Астана және аймақтар жас қаламгерлерінің әдеби байланысын күшейту (шығармашылық кештер, бейне-көпірлер, онлайн тәжірибе алмасу); 
4. Жас қаламгерлерге арналған мастер-класстар ұйымдастыру; 
5. Жас қаламгерлерді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мәдени іс-шараларына тарту және кітапхана жұмысын насихаттауын қадағалау; 
6. Жас қаламгерлерді шығармашылыққа ынталандыру үшін демеушілерді тарта отырып, әдеби конкурстар ұйымдастыру; 
7. Жас қаламгерлерді мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерде бірлесе жұмыс істеуге тарта отырып, олардың бойындағы отансүйгіштік қасиеттерін жетілдіру.

Әр басқосу сайын клубтың жетекшілігі, ұйымдастырылу алқасы кезекпен алмасып отыратын болады. «ТӘЖ» клубының отырысы әр айдың 1,3 сәрсенбісі күні, сағат: 19.00-де өткізіліп тұрады. Келесі басқосу 2014 жылдың қазан айының 1 жұлдызында «Әдебиет порталының» жетекшісі Бауыржан Қарағызұлы мен «Әдебиет порталының» қазақ тілі нұсқасының редакторы Салтанат Қожаның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Дөңгелек үстелдің модераторы – Бауыржан Қарағызұлы, баяндамашы – Ерлан Жүніс. Бізден әдебиет әлемінің қызықты жаңалықтарын күтіңіздер!
                                                            
                                                10628289_358113344347947_8694461654430680797_n.jpg                      
                                                _MG_2774.JPG
                                                _MG_2762.JPG                                 
                                                _MG_2779.JPG
                                                _MG_2800.JPG
                                                _MG_2829.JPG
                                                _MG_2794.JPG
                                                _MG_2811.JPG                 
                                                _MG_2837.JPG
                                                _MG_2817.JPG
                                                _MG_2869.JPG
                                                _MG_2858.JPG
                                                _MG_2767.JPG

adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар