Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Алаштың айтулы ақыны Астанада

17.09.2014 642

Алаштың айтулы ақыны Астанада


10549274_10202911918539980_888553030364319646_o.jpgҰлықбекЕсдәулет
 – қазақ поэзиясындағы дара талант. Қаламгер «Қанат қақты», «Көздеріңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы күні», «Ақ керуен», «Жаратылыс», «Жүректегі жарылыстар», «Заман-ай», «Киіз кітап», «Ғұмыр жас», «Әбілхаят» кітаптарының авторы. Ақынның 60 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеші мамыр айында Алматыда "Жылқы жылғы жүздесу" деген атпен өткізілген болатын.  Сол үрдіс өз жалғасын тауып келеді. 25-28 қыркүйекте Түркияның Елазық қаласында өтетін дәстүрлі 22-ші «Хазар жыр ақшамдары» фестивалінің биылғы бағдарламасы барысында ақынның мерейтойы  және түрікше кітабымның тұсаукесер рәсімі өткізіледі.

Алаштың айтулы ақыны Астанада. 2014 жылы қыркүйектің 18 жұлдызы күні сағат 17.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тұңғыш Президент аудиториясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулеттің 60 жасқа толуына орай «Алтайдың алтын тамыры» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді. Кешке мерейтой иесімен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен өнер иелері қатысады.

Кешті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі Кенжеғали Мыржықбаев жүргізеді. Келем деушілерге есік ашық!

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар