Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Сәкен оқулары» оқушылар байқауы өткізіледі

12.09.2014 1301

«Сәкен оқулары» оқушылар байқауы өткізіледі

                                                                                            c6bef913e32ba7dce17e46a30da4930c.jpg


Биыл Қазақтың маңдайына біткен біртуар азамат, ақын, жазушы, көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толды. Саналы ғұмырын ұлтының қамын жеп, қазақтың басқамен терезесі тең болуы жолына арнаған дара тұлғаның мерейтойы қарсаңында бірқатар игі шаралар қолға алынуда. Соның бірі – оқушылдар арасында өтетін дәстүрлі «Сәкен оқулары» байқауы. 

Қалалық деңгейде өткізілетін бұл сайыс 2014 жылы қазанның 15 күні Сәкен Сейфуллин мұражайында, ақынның 120 жылдық мерейтойы қарсаңында қорытындыланады.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, С.Сейфуллин шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту 

Астана қаласындағы 7-11 сынып оқушылары қатысатын бұл байқауда 4 түрлі номинация сарапқа салынады.

1. «Сыр сандықты ашып қара» номинациясы бойынша ақынның поэзиялық шығармасын мәнерлеп жатқа оқу;
2. «Тар жол, тайғақ кешу» номинациясы бойынша прозалық шығармасынан үзінді оқу;
3. «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» номинациясы бойынша Сәкен әндерін орындау. 
4. «Сәкеннің аманаты» Сәкен өмірінен сахналық көрініс

Жеңімпаздарды марапаттау:

Бірінші орын - біреу
Екінші орын - біреу
Үшінші орын - біреу 
Ынталандыру сыйлығы – екеу

Ескерту: Әр мектептен екі оқушы ғана қатыстырылады. Қатысқысы келетін үміткерлер 10.10.2014 жылға seifullin_museum@mail.ru электронды поштасына сұраныс хаттарын жолдауы керек.

Мекен-жайымыз:

Астана қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 20 С.Сейфуллин мұражайы

Байланыс телефондары: 32-15-90, 32-84-67

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар