Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жазушы Адам Мекебаев дүниеден өтті

09.09.2014 651

Жазушы Адам Мекебаев дүниеден өтті

1406022576_12.jpg
Қазақ әдебиеті үшін қаралы күн... Күні кеше ғана жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Адам Мекебаев 74 жасында дүниеден өтті. Қаламгер республикалық әдеби-мәдени басылымдарда қызмет еткен, баспада редактор болған. 2002-2005 жылдары «Ақ желкен» журналында жұмыс жасады. Шығармалары тақырыбының алуандығымен, тілінің шұрайлылығымен ерекшеленген Адам Мекебаев жарнамасы аз жазушылардың қатарында болды. Қаламгер «Жадыра» (1970), «Жезтырнақ» (1973), (Айтылмай қалған аңыз» (1990) атты оннан астам проза кітаптарының, «Періште келіншек» (1982), «Жер кіндігіндегі апат» (1992), (Дауылды жер» (1988), «Қазына сыры» (1994) романдарының, «Жар жағалаған қыз» (2001) повестер жинағының, «Ой түбінде жатқан сөз», «Мың жарым жылдық қате» (2003) атты публицистикалық кітаптардың авторы. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Қазақ әдебиетінің тағы бір майталман жазушысы өз шығармаларын келер ұрпағына аманаттап, қолын бұлғап кетіп барады. Әдебиетіміздің көрнекті өкілі, талантты жазушысының қазасына орай барша қазақ елінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз... Жазушыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең 10 қыркүйек күні сағат 10:30 да Алматы қаласы, Қазақстан Жазушылар Одағының ғимаратында өтеді. 






adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар