Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Бейбітшік кіндігі» кітабына 11 жыл

28.08.2014 868

«Бейбітшік кіндігі» кітабына 11 жыл

n_2013_12.jpgОсыдан 11 жыл бұрын 2001 жылы 28 тамызда Елбасы Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесері өткізілді.
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 10 жылдығына арналған Н.Ә.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабында 1991 жылғы 29 тамыз күні «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Президент жарлығынан бастап бүгінге дейінгі қалыптасқан геосаяси жағдай мен бұл жөніндегі қол жеткен табыстар, қиындықтар мен қиналыстар түгел бүкпесіз жазылған.
Өз жеріндегі полигон проблемаларымен бетпе – бет қалған Қазақстан осылайша ядролық сынақты жою мәселесін дербес шешті.
Кітап атауы көрсетіп тұрғандай, шын мәніндегі «Бейбітшілік эпицентріне» айналды.
«Адамдар ядроның энергиясын басқаруды үйреніп алды, бірақ өзін басқаруды үйрене алған жоқ. Адамдар адамға сенуден қалды, бірақ ядролық күшке сеніп алды. Алайда «әскери» атом әлдеқашан-ақ өз ғұмырын күйттеуде. Оған ие болу қиын, жойып жіберу одан да қиын. Онымен көздеуге болмайды, өйткені, нысана - дәл өзіңсің. Оның бетіне тура қарай алмайсың, өйткені, жанарында шексіз зұлымдық лапылдап тұр. Оған сенуге болмайды, өйткені, оның саған сенімі - достық емес, құлдық. Адамның мұндай сенімінің ақыры немен тынады? Адамзат өзіне деген сенімге қашан оралады? «Біз өзіміздің ядролық үрейімізден арылдық және біздің тараптан қауіптенгендердің бәрін ондай үрейден арылттық. Біз өз жерімізде, өз жүрегімізде және ойымызда реализмге орын дайындап, елестен арылдық. Біз еліміздің жаңа ядролық қарусыз тарихын жасадық әлемдік қатерден қалай биік тұрудың жаңа хикаяттық дәстүрін бастап бердік» – деп жазды Елбасы өзінің «Бейбітшік кіндігі» атты кітабында. 
Жұмыр жерге тыныштық тілеген ұлы мұраттан туған кітаптың планета тағдыры үшін аса құнды ойлардың жемісі екені хақ.


adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар