Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жазушы Қалихан Ысқақ дүниеден өтті...

11.08.2014 623

Жазушы Қалихан Ысқақ дүниеден өтті...

Қоңыр күз еді... Осы сөз тіркесін естіген сәттен-ақ ойымызға Қалихан Ысқақ оралары - хақ! Бүгін халқымыз біртуар азаматынан айырылып, қара жамылып отыр...
калихан искак.jpg
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламынан жауһар жазбалары таусылмаған, қара сөздің шебері, белгілі жазушы Қалихан Ысқақ дүниеден озды. Өмірді өзінше өрнектей білген Қалихан ағамыздан айырылу барша қазақ халқына ауыр қайғы. 

Ысқақ Қалихан - 1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Топқайың ауылында дүниеге келген. Жазушы Қалиханның  шығармаларында көтерген проблемалар мен қоғамдық қомақты мәселелер бір күнде, бір жылда шешіле салмайтын, кешегі арқылы бүгінгі ұрпақты ойландыруға жетелейтін  терең философиялық ойларға апаратын тағлымды туындылар. 

Бүкілодақтық экранға шыққан бірнеше толықметражды фильмдердің («Ұшы-қиырсыз жол», «Саршатамыз», «Охран бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда») сценарийін жазған. Шығармалары өзбек, қырғыз, тәжік, татар, башқұрт, шешен, орыс, украин, словак, болгар тілдерінде жарық көрген. Екі томдық таңдамалылары 1997 жылы оқырман қолына тиді.

Аударма саласында Л.Н.Толстойдың, А.П.Чеховтың, И.С.Тургеневтің, А.И.Куприннің, И.А.Буниннің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Нобель сыйлығының лауреаттары болған жеті драматургтің пьесаларын қазақшалаған.

"Әдебиет порталы" жазушының отбасы, жақындарына және барша қазақ халқына қайғыра отырып көңіл айтады.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар