Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Менің досым» әдеби байқауының қорытындысы шықты

21.07.2014 1882

«Менің досым» әдеби байқауының қорытындысы шықты

f699b87a82361e13d557b5f4c49a07d5.jpgҚазақстандық софтверлiк компаниялар қауымдастығының (Президенті - Азаматхан Әміртай) «Әдебиет-Olympic» шығармашылық жобалары аясында бір айдан астам уақыт бойы өткен жас ақындардың «Менің досым» Халықаралық поэзия байқауы өз мәресіне жетті.
Алғашқы рет адам және қоғам құндылығы болып табылатын Достық сезіміне арналып және онлайн режимде өтуімен ерекшеленген Поэзия байқауына берілген бір ай уақыт ішінде еліміздің барлық аймағынан, Өзбекстаннан, Қытайдан, Моңғолиядан, Ресейден хат жолдаған 84 автордан 140-қа жуық өлең келіп түсті. 
Авторлардың жас ерекшелігі 10 жастан 55 жасқа дейінгі аралықты құрады.
«Біріңді қазақ бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос» деп ғұлама ақын Абай айтқандай, қазақ елінің жастары арасындағы достық, бауырластық сезімін насихаттау, достық культін көтеру, қоғамдағы өзара түсіністік пен татулыққа үлес қосуды мақсат тұтқан поэзия байқауы өз үдесінен шықты. 
Достық үшін деп қалам тербеген жас ақындардың тақырыпты жан-жақты жырлауының саналуандығы, тақырыпқа бару және ашудың ерекшеліктері, шынайы сезімге құрылған, достық рухын асқақтатқан өлеңдердің биік те нәзіктігі, дос ұғымының терең мән-мағынасын жетік сезінулері қазақ қоғамындағы рухани-эстетикалық және моральдық тәрбиенің жаңа деңгейге көтерілуінің көрінісі болса керек.
Есімі өлеңсүйер қауымға етене таныс жас ақындардың еренжүйрік өлеңдерінен бастап жаңа есімдердің ерте көктемде бүр жарған бәйшешектей албырт жырлары «Менің досым»Халықаралық Поэзия байқауының аса құнды табысы болып табылады. 
Байқауға келіп түскен барлық шығармалар «Достар жырлайды» деген атпен жеке кітап болып жарық көреді. 
Поэзия байқауын ұйымдастыру арқылы шығармашылықтағы жастарды ынталандырып, олардың қоғамда кеңірек танылып, насихатталуын, мемлекетіміздегі әдебиет пен мәдениеттің дамуы мен көркеюін мақсат тұтатын Қазақстандық софтверлiк компаниялар қауымдастығының Президенті, белгілі кәсіпкер, шығармашылықтағы жастардың жанашыр Досы – Азаматхан Әміртай мырзаға жастардың атынан ерекше ризашылық сезімімізді білдіріп, рахмет айтамыз.
Шығармашылықтағы жастарды Азаматхан Әміртайдың «Әдебиет-Olympic» шығармашылық жобалары аясында алдағы уақытта да қомақты жүлде қорымен ауқымды жобалар ұйымдастыруға ниетті екендігімен қуантқымыз келеді. 
Байқауға өлеңдердің көп түсуі және үздік өлеңдердің де ерекше көп болуы себебінен жүлде беру жүйесіне өзгерістер енгізілді.
Достық тақырыбындағы мүшәйрада достар арасына жік түспеуі үшін Достықтың өзі жеңіп, 140 өлеңнің ішінен топ жарған 9 өлең және үздік жазылған 25 өлең іріктелінді. 
Тоғыз өлеңге – 9 Планшет;
Жиырма бес өлеңге – 25 Туинбук (егіз кітап) тағайындалды;

Топ жарған тоғыз өлең авторлары:

Аслан Тілегенов, 
Жақсылық Қазымұратұлы, 
Аян Өрібаев, 
Қайрат Сейітқазин,
Балтабек Нұрғалиев, 
Шерхан Талап, 
Айбол Исламғалиев, 
Нұртас Тұрғанбекұлы, 
Ақгүл Тұрсынбай;

Үздік шыққан жиырма бес өлең авторлары: 

Айжан Тәбаракқызы,
Алтын Қосбармақова,
Айша Балтахаева,
Ақылбек Шаяхмет,
Алмас Алтай,
Жанат Жаңқашұлы,
Динара Мәлікова,
Айдана Сегізбаева,
Мерей Ермұханов,
Өзгеріс Қуанар,
Дина Бөкебай,
Гүлзат Уалиева,
Бекмұрат Өмірбек,
Дәурен Полатбаев,
Бақытбек Қадырұлы,
Жұлдыз Молдағалиева,
Алпамыс Файзолла,
Құндыз Мәжитова,
Мүбәрак Қизатұлы,
Жаңагүл Шыңғысханқызы,
Балсан Мәді,
Ержан Тоқтарұлы,
Арай Ғалымбекқызы,
Асылзат Жұмабай,
Ризабек Нүсіпбекұлы;

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі және достарға жайылатын дастарқаны 25 шілде күні Астана қаласында өткізіледі.

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар