Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
М.Мақатаев атындағы республикалық жазба ақындар байқауы

09.07.2014 1620

М.Мақатаев атындағы республикалық жазба ақындар байқауы

400356_321742228_.jpgЕртең яғни 10 шілде күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында Мұқағали Мақатаев атындағы «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық жазба ақындар байқауы өткізіледі. 

Байқаудың мақсаты – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың қуатты да көркем шығармаларын насихаттау, ұлы ақынның мұрасы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас талантты ақындарды тану, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. 

Байқау 2 тапсырма бойынша өтеді: 

1. «Поэзия, менімен егіз бе едің?».
(Ақындардың М. Мақатаевқа арнаған өлеңі). Мазмұны ақынның поэзияда алатын орнын, туған жерінің  шежірелі тарихын, сұлу табиғатын танытатын туынды болуы шарт.  

2. «... Ал,  екінші бақытым – тілім менің». 
(Тіл тақырыбына арналған өлең). Ана тіліміздің баға жетпес байлығын, сөз құдіретін, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын жыр өзегіне алу. 

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген Нұртас Тұрғанбекұлы, Жұлдызай Ысқақ, Саян Есжан, Азамат Базарбаев, Наурызбек Саршаев, Нұрдос Каримов, Игілік Бауыржан, Нүсіпқан Қадырсұлтан, Асқар Қызырхан, Әсем Нұрәділқызы, Шұғайып Ақын, Рина Қадырхан, Әлімжан Әлішерұлы, Сабырақын Қадыржан, Жанатбек Айдарәлі, Сабина Мадреимова, Аяшева Әйгерім  сынды жас ақындар қатысып, бақ сынайды. 

Байқау жеңімпаздары Алматы облысы әкімінің арнайы жүлдесімен,  Жамбыл ауданы әкімдігінің арнайы жүлдесімен, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Дипломы және қаржылай ынталандыру, естелік сыйлықтарымен марапатталады. 

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар